Бүгінгі таңда жастардың арасында исламға деген қарқынды қызуғышылық бар екендігін білеміз. Әрине бұл – қуантарлық жайт. Алайда, қазіргі жас буын шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі қандай болу керек екендігінің байыбына бармай, осы мәселелер төңірегінде немқұрайлық танытуда.
Шынайы мұсылманның өмірі мен мінез-құлқы үйлесімділікке толы, имандылыққа, адамгершіліктің биік шыңына негізделеді. Қоғамымызда соған себеп болатын мұсылманның сапасын арттыратын әрі дұрыс жолмен жүруге бағыт-бағдар беретін, осы діндегі тұлғаның шынайы келбетін бейнелейтін көптеген сипаттар бар.
Атап айтатын болсақ, шынайы мұсылман – дін талаптарына бекем, жүрегі таза, рухани асқақ, биік тұлға. Ол өзінің дініне деген ықыласымен, ыстық махаббатымен ерекшеленеді. Бүгінгі қазақстандық мұсылмандар осы сипаттармен қатар шынайы мұсылманның төмендегі сипаттарын да үлгі ретінде ұстануын абзал деп білеміз.
Көркем мінез-құлық – адам бойындағы ерекше мән беретін қасиеттің бірі. Әрбір адамның мінез-құлқын көркем етуі отбасы, өскен ортасындағы тәлім-тәрбиесімен бірге өзінің де ақыл-парасат, күш-жігеріне, ынта-ықыласына, ең бастысы, жаратылысына байланысты. Ата-ананың баласына берер ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие болса, көркем мінез сол тәрбиенің шыңы. Бұл турасында Бухариден келген хадисте Алла елшісі: «Мен үшін сендердің ең – жақсыларың көркем мінезділерің». Сондай-ақ, Термезиден келген хадисте: «Иман келтірушілердің ең иманы толығы – көркем мінезділері. Сендердің ең жақсыларың – әйелдерің үшін жақсы мінезді болғандарың» делінген.
Сыртқы келбеті мен тазалығына мән беру – ішкі және сыртқы тазалығы, киімнің ұқыптылығы, шаштың реттілігі, үйі мен жұмыс орнының жинақы болуы адамның ішкі тәртібі мен жақсы талғамының белгісі. Бірде Алла елшісі мешітте отырғанда жанына шашы сақалы ұйпа-тұйпа бір кісі жетіп келеген кезде, қолымен ол кісіге шашын, сақалын түзетуін ымдады. Тағы бірде шашы ретсіз болып кеткен бір кісіні көріп, таңданысын жасыра алмай: «Бұл кісі неге шашын жуып тарамайды» деді. Кір қожалақ киім киген бір кісіні көрген кезде: «Бұл кісі киім кешегін жуатын су таба алмады ма екен?» - деп, мұсылман адамның тап-таза әрі ұқыпты болулары керектігін ашық білдірген.
Сәлемдесу – кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз немесе дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. Мұсылман қауымы үшін бір-бірін көрген адам ең алғаш сәлемін беріп, қал-жағдайын сұрасады. Жалпы «Сәләм» – Ұлы Алланың 99 есімінің бірі. «Әс-Сәләм» – бұл амандық беруші, есен сақтаушы деген мағынадағы сөздерге жақын. Сол себепті де сәлемдесу – Исламның ең ізгі амалдардың бірі болып табылады. Құранда «Ниса» сүресі, 86-аят: «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар!» - деп, білдірген. Пайғамбар хадисінде: «Сәлем беру – сүннет, ал жауап қайтару – уәжіп» - дейді. Яғни, аят-хадистерден амандасудың қаншалықты маңызды екендігін түсінуге боладытылған.
Шынайы мұсылманның келбетін бейнелейтін сипаттың түрлері өте көп. Олардың ішіндегі шынайы мүмин адамды бейнелейтін қарапайым сипаттары ретінде жоғарыда бірнешеуіне тоқталып өттік. Бүгінгі таңда жастардың әр бірі бойына осы қасиеттерді дарыта отырып тәрбие алуы қажет. Әл-Фарабидің пікірінше «тәрбиенің мақсаты адамның бүкіл күш және қабілеттерін дамыта өсіру және мінез-құлықты кемеліне жеткізе отырып ахлақ тәрбиесімен діни тәрбиені ұштастыру». Яғни, мінез ол адамның өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі ерекшеліктерінің тұрлаулы белгісі. Тәрбиелі мінез адам бойына инабаттылық қасиеттердің бар екенін көрсетеді. Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейміз. Ал сол толық мінезді адам болу, яғни мінездің тұрақтылығы адамның алған діни және адамгершілік тәрбиесінен туындайды.
«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру»
бөлім маманы: Ш.Досанбаева
Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі