Шет елде діни білім алудың қаупі
Шет елде діни білім алудың қаупі
16.05.2023
1245
0

ХХІ ғасыр әртүрлі елдердің діни негізделген экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы тұру жөніндегі күш-жігерінің бірігуімен сипатталады. Жаһандану және секуляризация жағдайында жаңа ақпараттық және цифрлық технологиялардың дамуымен білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойылуда.          

Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі бола отырып және өз саясатының басым бағыттарының бірі ретінде конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қалыптастыра отырып, жалпы білім беру мекемелерінде, колледждерде және жоғары оқу орындарында діндерді зерделеуді қоса алғанда, дін саласындағы білім беруді жетілдіруге ерекше назар аударады. Бұл процестердің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – білікті дінтанушы мамандарды, теологтарды, исламтанушыларды даярлау.                                                                                                  

Қараңғылықты жарық жояды, надандықты білім жояды. Діни сенім адамдардың дүниеге, жаратылысқа, өмірге, қоғамға және өзіне деген көзқарасын айқындайды. Қазіргі тоталитарлық деструктивті діни ағымдарды бір сәт шолып өтсек, Кеңес үкіметі кезінде дінге қатысты барлық ақпарат қолжетімсіз болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін халық шет елден білім көзін іздей бастады. Жастарымыздың біршама бөлігі ел асып, жер асып Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр, Түркия, т.б. мемлекеттерге діни білім іздеп, әр түрлі ағымдардың ықпалына түсті. Осылайша, еліміздің дін саласында білім беру мәселесі өзекті тақырыптардың қатарына шықты. Діни білімді жат елден алып, жат елдің идеологиясын бойына сіңірді. Олар шет елден білім алып, елге қайта оралғаннан кейін диалектикалық құбылыстар, деструктивті тенденциялар пайда болды. Осы үдерістерді негізге алып мемлекет  тарапынан республикалық деңгейде діни білім беретін жоғарғы оқу орындары ашыла бастады. Қазіргі таңда елімізде діни білімді 6 жоғарғы оқу орындары мене 9 медресе колледжден алуға болады. Соның ең алғашқыларының бірі – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, шығыстану факультеттері болған – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.  Нұр-Мүбарак Египет Ислам Мәдениеті университеті Ислам бағытындағы діни білім беру орындарының орталығы. Қазіргі таңда Нұр-Мүбәрак университеті мешіттерге имам кадрларды қамтамасыз етіп отырған жоғарғы, білікті, маңызды оқу орны. «Л.Н.Гумилев» атын­дағы ЕҰУ,  «Е.Бөкетов» атын­дағы Қарағанды мемлекеттік университет жоғарғы оқу орындары жұмыс жасап отыр.  Сонымен қатар, ҚМДБ-ға қарасты «һибатулла Тарази» медресесі, «Әбу Ханифа» медресе-колледжі, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі, Сарыағаш медресе-колледжі, Орал медресе-колледжі, Шымкент медресе-колледжі, Ақтөбе медроесе-колледжі, Үшқоңыр медресе-колледжі, Астана медресе-колледждері жұмыс жасаулда. Жоғарғы оқу орынын бітірген соң білімін бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейінде де жалғастыруға мүмкіндік бар.                                                  Деструктивті діни ағымдармен күресудің ең басты жолы ғылым-білім арқылы күресу. Оқыған, білімді, әлемде болып жатқан жаңалықтардан жан-жақты хабары бар, еркін ойлау қабілетінен айырылмаған, санасы уланбаған, көзі ашық, гуманизм принциптеріне берік, елінің болашағын ойлайтын, ілгерішіл, талапты да талантты қоғам ғана  әлемдегі ең ауқатты және дамыған елдердің қатарынан көріне алады.     Еліміз діни білімге баса назар аударып медресе-колледждер, діни сауат ашу крустарын ашып, діни ақпаратты халыққа қолжетімді етті.                                                                                      

Ресми деректерге қарағанда діни білім беру шамамен әлемнің 140 елінде жүргізіледі.    Қазіргі кезде ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Білім және ғылым министрлігі,  Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің атсалысуымен Түркия, Мысыр, Малайзия және Ресейдің бірқатар беделді жоғары оқу орындарымен келісімшарт жасалған.   Шет елдік рұқсат етілген діни білім беретін ЖОО – Египет Араб Республикасы Каир қаласындағы – «ӘлАзхар» университеті, Түркия Республикасы, Стамбул қаласындағы – Стамбул университеті. Түркия Республикасы, Стамбул қаласындағы – Мармара университеті, Түркия Республикасы, Стамбул қаласындағы Хасеки институты, Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы – Анкара университеті, Түркия Республикасы, Кония қаласындағы – Селжук университеті, Малайзиядағы – Малайзия Халықаралық ислам университеті, Ресей Федерациясындағы – Мәскеу Ислам университеті, Ресей Ислам университеті, Өзбекстан Республикасындағы – Ташкент Ислам университеттерін атап өтуімізге болады.

Қазіргі уақытта шет елдерден діни білім іздеуге ешқандай қажеттілік жоқ. Қазақстандағы оқу орындарын бітірген азаматтарымыз еліміздің әр аймағында елдегі діни тұрақтылықты  қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Олардың әрбір жасап жатқан еңбектері елдің, халықтың, ұлттың бірлігі мен татулығы, мемлекеттің тұрақтылығына арналып отыр.                                         

Қорыта айтқанда,  қазақта жақсы тәмсіл бар: «Кейін келген тоқалдар, шөміш алып қоқаңдар»,-демекші, жастарымыздың көпшілігі шетелде діни білім алып келіп сол жердің менталитетіне сәйкес келетін идеологияларын бойларына сіңіріп, еліміздегі ұлттық құндылыққа қарсы келуде. Еліміз болашақ дінтанушыларды, исламтанушыларды дайындайтын Қазақстанның жоғары оқу орындары, отандық жоғары оқу орындары арасында да, Халықаралық ЖОО арасында да білім беру бағдарламаларының тұрақты, үздік халықаралық тәжірибелерді зерделеу негізінде дінтану ғылымында заманауи теориялар мен әдіснамаларды оқытуда қолдануға бағытталу сияқты келесі аспектілерге ерекше назар аударып келеді.             

 

Г.Бекжан

Теолог маман                                                    

0 пікір