Қазақстан – көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет. Елдегі діни тұрақтылық пен қоғамдық келісім ұлттық қауіпсіздіктің негізгі басымдығы болып табылады. Әлемде діни экстремизм мен терроризмнің белсенділігі артып отырған қазіргі кезеңде радикалды идеологиялардың шекарасыз таралуы жаңа сын-қатерлер туындатуда. Осыған байланысты Қазақстанда бірқатар ұйымдардың қызметіне заң жүзінде тыйым салынып, олардың идеологиясы экстремистік немесе террористік деп танылған.
Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл төмендегі заңнамалар арқылы жүзеге асырылады:
• «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
• «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
• ҚР Қылмыстық кодекстің терроризм мен экстремизмге қатысты баптары;
• ҚР соттарының шешімдері және Бас прокуратураның актілері.
Сот шешімі шыққаннан кейін ұйымның қызметіне толық тыйым салынады. Оның материалдарын тарату, идеологиясын насихаттау, қатысу немесе ұйымға қолдау көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Қазақстан Республикасының сот шешімдеріне сәйкес қызметіне тыйым салынған ұйымдардың қатарына төмендегілер кіреді:
1. «Аль-Каида» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды.
2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды.
3. «Күрд Халық Конгресі» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды.
4. «Өзбекстан ислам қозғалысы» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды.
5. «Асбат әл-Ансар» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды.
6. «Әлеуметтік реформалар қоғамы» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды.
7. «Орталық Азия моджахедтер қоғамы» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды.
8. «Лашкар-е-Тайба» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды.
9. «Мұсылман бауырлар» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды.
10. «Бозкурд» – Ұйымның қызметіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынды.
11. «Хизб-ут-Тахрир» – Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2005 жылғы 28 наурыздағы шешімімен тыйым салынды.
12. «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» – 2006 жылы 17 қарашадағы Астана қаласы сотының шешімімен тыйым салынды.
13. «Аум-Синрикё» – Ұйымның қызметіне 2006 жылғы 17 қарашадағы Астана қаласы сотының шешімімен тыйым салынды.
14. «Алла Аят» – Ұйымның қызметіне Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы шешімімен тыйым салынды.
15. «Ата жолы» – Ұйымның қызметіне Алматы қаласы сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешімімен тыйым салынды.
16. «Түркістан ислам партиясы» – Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешімімен тыйым салынды.
17. «Джунд-әл-Халифат» – Ұйымның қызметіне Астана қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешімімен тыйым салынды.
18. «Білім. Сенім. Өмір» – Ұйымның қызметіне Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешімімен тыйым салынды.
19. «Таблиғи жамағат» – Ұйымның қызметіне №2 Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпанда шешімімен тыйым салынды.
20. «Ат-такфир уәл-хижра» – Ұйымның қызметіне Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешімімен тыйым салынды.
21. «Ислам мемлекеті» (ИГИЛ) – Ұйымның қызметіне Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды.
22. «Ан-Нусра майданы» – Ұйымның қызметіне Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешімімен тыйым салынды.
23. «Йақын Іңкәр» – ұйымын экстремистік деп танып, 2018 жылы 10 қазанда Есіл аудандық соты (Астана) қабылдаған шешімімен тыйым салынды.
Бұл ұйымдардың басым бөлігі – халықаралық террористік қозғалыстармен байланысы бар, зорлық-зомбылық пен радикалдық идеологияны насихаттайтын құрылымдар.
Тыйым салынған ұйымдарға қатысу, олардың идеологиясын тарату, символикасын пайдалану – Қылмыстық кодекс бойынша ауыр қылмыс.
Дерадикализация және әлеуметтік бейімдеу бағдарламалары жүзеге асырылады.
Экстремистік мазмұндағы сайттар мен әлеуметтік парақшалар бұғатталады, онлайн-үгіттің алдын алу бойынша тұрақты мониторинг жасалады.
Қауіпті аймақтарға шығуға немесе одан келуге әрекеттенген тұлғаларға қатысты арнайы шаралар қолданылады.
Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың идеологиясы тек діни салаға ғана емес, мемлекеттің тұтастығына, қоғамдық тұрақтылыққа және азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Сол себепті олардың қызметіне, насихатына және материалдарын таратуға заң жүзінде қатаң тыйым салынған.
Қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау – тек мемлекеттік құрылымдардың емес, бүкіл азаматтық қоғамның ортақ міндеті. Діни сауаттылықты арттыру, ақпараттық иммунитет қалыптастыру және радикалды идеяларға қарсы тұру – қазіргі заманның басты талаптарының бірі.
Г.Бекжан
Түркістан облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің теолог маманы

+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru