Қазақ мәдениеті - өз бастауын ежелгі дәстүрлер мен руханиқұндылықтардан алған, тарих бойы қалыптасқан ұлттың ерекше болмысы мен өмір салтын білдіретін құндылықтар жиынтығы. Бұл мәдениет ислам дінінің әсерімен терең үндесіп, халықтың дүниетанымы мен өмір сүру дағдысын айқындайтын негізгі бағыттарды қалыптастырған. Ислам дінінің қабылдануы қазақ халқының рухани өміріне үлкен өзгерістер әкелді, бірақ ол дәстүрлі қазақ мәдениетімен үйлесім тапты. Осылайша, қазақ мәдениеті тек бір дінмен ғана шектелмей, өзінің төл тарихымен, тұрмысымен және салт-дәстүрімен біте қайнасты.
Ислам діні қазақ халқына бейбітшілік, әділеттік, адамгершілік пен теңдік сияқты құндылықтарды сыйлады. Діннің түпкі мәні қазақтың дүнистанымымен,табиғатқа деген қүрметімен, және адам баласының рухани дамуына деген ұмтылысымен ұштасып жатыр. Мысалы, ислам дінінің негіздерінде қарастырылатын жомарттық, көмек көрсету, кішіпейілділік сияқты қасиеттер қазақ халқының қонақжайлылығымен, батырлық дәстүрімен және мейірімділігімен үндеседі. Қазақ халқының мұсылмандықты қабылдауына дейін-ақ қасиетті саналатын қасиеттер, исламның насихатымен өз көрінісін тапты.Исламның келуімен қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары да өзгерістерге ұшырады. Мысалы, ислам діні бойынша тазалық, адалдық, жүректің пәк болуы аса маңызды деп саналады. Бұл құндылықтар қазақтың тұрмысында да орын алған. Қазақтың қонақжайлылығы, тұтыну мәдениеті, ата баба дәстүрін сақтау - осылардың бәрі исламның құндылықтары мен талаптарымен үндесіп тұрды. Мұсылмандық түсініктер қазақ халқының діни рәсімдерінде, яғни құда түсу, үйлену тойлары мен басқа да салт-дәстүрлерде көрініс тапты. Исламға дейінгі қазақ қоғамында да табиғатқа құрмет, аталарға деген сый-құрмет сияқты ұғымдар басты орын алатын. Қазақ халқының мәдениеті негізінен көшпелі өмір салтына құрылған. Көшпелі өмір халықтың тұрмысын, дінін, әлеуметтік құрылымын, өнерін, әдебиетін қалыптастырды. Қазақтың үй-жайы, киімдері, азық-түлігі, тұрмыстық заттары - осының бәрі көшпелі өмір салтына сай жасалған. Киіз үй - қазақтың ең басты тұрмыстық заттарының бірі болып табылады. Оның ерекшелігі - жеңіл әрі жылдам құрастыруға болатындығында, сондай-ақ ол ауа райы мен табиғи жағдайларға бейімделген. Салт-дәстүрлердің ішінде отбасылық өмір, құда түсу, тойлар мен мерекелер ерекше орын алады. Қазақ халқының дәстүрлі тойы мен мерекелері - наурыз мейрамы, тойлар, жас жұбайлардың үйлену салттары, қазан басу сияқты мәдени шаралар әлі күнге дейін халық арасында кеңінен аталып өтуде.
Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы мен діни сенімдері ғасырлар бойы қалыптасқан. Ислам діні қазақтардың көпшілігіне әсер етсе де, қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен наным-сенімдеріне де үлкен орын беріледі. Қазақтар көк тәңіріне, табиғаттың киелілігіне сенген. Мұндай сенімдер мен дүниетанымдар, әрине, табиғатпен тығыз байланыстағы көшпелі өмір салтына сай келетін еді. Сондай-ақ, қазақ халқының ұғымындағы жылқы, ертеңгі күнге деген үміт сияқты символдар да мәдениетінің маңызды бөлшектері болып табылады. Бұл символдар өз кезегінде қазақтың өмірлік философиясына – батырлық, ерлік, тәуелсіздік, адалдық сияқты құндылықтарға деген көқарасын айқындайды.
Қазақтың мәдениетінде исламның әсерін, әсіресе дінге деген құрметтің артқанын көруге болады. Мәуліт мерекесі, Рамазан айы Құрбан айт сияқты діни мерекелер қазақтың ұлттық мейрамдарына айналды. Мұсылмандықтың ықпалымен қазақтарда мінез-құлықтың жоғары этикалық деңгейіне ұмтылу, адамдардың рухани тазалығы, имандылық сияқты құндылықтар орнықты. Бұл дін қазақтың күнделікті тұрмысынан, өмір салтынан, әдептілік пен адамгершілік қағидаларынан байқалды.Сонымен қатар, ислам діні қазақ халқының рухани өмірінің бір бөлшегі ретінде өнерге де әсерін тигізді. Құран мен хадистерді оқу мен тыңдау дәстүрлі қазақ халқының сауаттылығын арттырып, діни әдебиетінің және поэзиясының дамуына ықпал етті. Ислам мәдениетінің ықпалымен қазақ жерінде кітап жазу, қолжазбаларды көшіру, діни тақырыптарға арналған әдеби мәдениетіндегі философиялық ойлар мен түсініктер, ислам дінінің әсерінен жаңа мазмұнға ие болды. Қазақ халқының музыка мәдениеті де ислам дінімен тығыз байланысты дамыды. Исламның мәдениетке , өнерге ықпалы ерекше. Алайда қазақтың музыкалық дәстүрінде діни сипаттағы әндер мен әуендер кеңінен орын алған жоқ. Мұсылмандық қағидалар бойынша, рухани тазалықпен медитацияға ұмтылу мақсатында құран оқу, діни әндер мен ғибадат өлеңдері көбінесе қоғамның рухани өмірінің бөлігіне айналды. Исламның бейбітшілік пен адамгершілікке негізделген қағидалары қазақ халқының ән өнерінде де көрініс тапты. Қазақтың дәстүрлі әндері мен термелері де көп жағдайда өмірдің мәнін, адамның рухани тазалығы мен адамгершілігін, әделіттікті сипаттайды.
Қазақ халқының мәдениеті мен ислам дінінің арасындағы байланыс ғасырлар бойы қалыптасып, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды қалыптастарды. Исламның қағидалары қазақтың дүниетанымына терең сіңіп, ұлттық дінімен мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Осы арқылы қазақ халқы рухани байлықты, әділеттілік пен адамгершілікті ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырды.
Д.Арынбек
Түркістан облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
көмекші маманы