Отбасы – кез келген қоғамның ең маңызды тірегі, рухани әрі әлеуметтік дамудың басты негізі. Әрбір адамның тұлға болып қалыптасуы, оның өмірге деген көзқарасы мен мінез-құлқы ең алдымен отбасында қаланады. Сондықтан отбасы құндылықтарын сақтау мен нығайту – қоғам тұрақтылығының кепілі.
Отбасы құндылықтарына сыйластық, мейірімділік, жауапкершілік, адалдық пен өзара қолдау жатады. Осындай қасиеттер қалыптасқан ортада өскен бала болашақта елге пайдалы, саналы азамат болып жетіледі. Әсіресе, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Олар өз іс-әрекеті арқылы үлгі көрсетіп, дұрыс бағыт-бағдар береді. Сол арқылы бала жақсы мен жаманды ажыратуды, дұрыс шешім қабылдауды үйренеді. Әсіресе, отбасындағы тәртіп пен үлгі – баланың болашақтағы өмір салтына тікелей әсер етеді. Үлкендердің іс-әрекеті, сөйлеген сөзі, қарым-қатынасы – барлығы бала үшін тәрбие құралы.
Қазіргі заманда технологияның дамуы мен жаһандану үдерісі отбасы институтына да өз әсерін тигізуде. Кей жағдайда адамдар арасындағы қарым-қатынас әлсіреп, дәстүрлі құндылықтар екінші орынға ығысып жатады. Осындай кезеңде ұлттық тәрбие мен отбасылық дәстүрлерді жаңғырту аса маңызды. Отбасы құндылықтары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мұра болып саналады. Олардың қатарында ата-анаға құрмет, балаға қамқорлық, үлкенге ізет, кішіге ізгілік көрсету сияқты асыл қасиеттер бар. Бұл құндылықтар тек отбасы ішінде ғана емес, бүкіл қоғамда адамгершілік мәдениеттің қалыптасуына әсер етеді.
Қазақ халқы ежелден отбасы бірлігіне ерекше мән берген. «Отан – отбасынан басталады» деген нақыл сөздің өзі отбасының қоғамдағы орнын айқын көрсетеді. Ұлттық салт-дәстүрлерді ұстану арқылы жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттер дарытылады. Отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сенімі мен қолдауы – бақытты өмірдің кепілі. Ынтымағы жарасқан отбасында өскен бала өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасады. Ал мұндай тұлғалардан құралған қоғам әрқашан дамуға қабілетті болады.
Отбасы – адамзат қоғамының ең кіші бөлшегі болғанымен, оның маңызы орасан зор. Әрбір тұлғаның дүниетанымы, мінезі, өмірлік ұстанымы ең алдымен отбасында қалыптасады. Сондықтан отбасы құндылықтары – ұлттың болашағын айқындайтын басты факторлардың бірі.
Бүгінгі таңда қоғамда түрлі өзгерістер орын алуда. Урбанизация, ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, өмір сүру қарқынының артуы отбасы ішіндегі қарым-қатынасқа да әсер етпей қоймайды. Кейде ата-ана мен бала арасындағы байланыс әлсіреп, рухани құндылықтардың орнына материалдық қажеттіліктер алдыңғы қатарға шығып жатады. Мұндай жағдайда отбасы мүшелерінің бір-біріне көңіл бөліп, рухани байланысты нығайтуы аса маңызды. Отбасы – тәрбие ошағы ғана емес, ол – жауапкершілік мектебі.
Мұнда әрбір адам өз міндетін сезініп, ортақ құндылықтарды құрметтеуге үйренеді. Әке – отбасының тірегі, ана – мейірім мен жылулықтың символы, ал бала – сол шаңырақтың болашағы. Осы үйлесім сақталған жерде береке де, бірлік те болады.
Қорытындылай айтқанда, отбасы құндылықтарын сақтау мен дәріптеу – әрбір адамның парызы. Өйткені отбасы – тек жеке өмірдің емес, тұтас қоғамның берекесі мен бірлігінің негізі.
Ұ.Тұрсын
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің маманы
Отбасы құндылықтары – қоғам негізі

+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru