Отан – отбасыдан басталады
Отан – отбасыдан басталады
10.11.2025
312
0

Отан деген ұғым – әр адам үшін қасиетті, жүрекке жақын сөз. Ол туған жерің, өскен ортаң, тілің мен дінің, тарихың мен мәдениетің. Ал сол Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметтің бастауы – отбасы. Отбасы – адамның алғашқы іргетасы, мектебі, адамгершіліктің негізі қаланатын, ұлттық құндылықтардың дәні себілетін алтын ұя.                  

Бала дүниеге келген сәттен бастап, ол отбасынан тәрбие алады. Анасының әлдиі мен әкесінің өнегесі арқылы мейірімділік, адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік секілді қасиеттерді бойына сіңіреді. Ұлттың тілі, дәстүрі, діні – бәрі де балаға алдымен отбасында үйретіледі. Егер әр отбасы өз перзентін отаншыл, ұлтжанды, тәрбиелі етіп өсірсе – сол ұрпақтан мықты мемлекет қалыптасады.                                                                       

«Тәрбие – тал бесіктен» дейді халқымыз. Бұл – бекер сөз емес. Себебі елін сүйген, жерін қорғайтын, тілін құрметтейтін азаматтар тек жақсы тәрбиеден шығады. Сондықтан отбасы – Отанның кішкентай үлгісі. Ол қандай болса, мемлекет те сондай болмақ.Қорыта айтқанда, Отанға деген сүйіспеншілік үлкен істерден емес, отбасыдағы қарапайым тәрбие мен ықыластан басталады. Әр адам өз отбасын құрметтеп, туған үйін қадірлесе, туған елін де сүйеді. Себебі нағыз Отансүйгіштік – ең алдымен отбасыдан бастау алады.

Отан – әрбір азаматтың жүрегіндегі қасиетті ұғым. Ол тек шекарасы айқындалған жер мен су, тау мен тас қана емес, ол – әр адамның туған жері, тілі, ділі мен салт-дәстүрі, ең бастысы – отбасысы. «Отан отбасынан басталады» деген дана халқымыздың сөзі бекер айтылмаған. Өйткені елге деген сүйіспеншілік, отаншылдық сезім ең алдымен отбасында қалыптасады.

Отбасы – баланың алғашқы тәрбие ошағы. Әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен адалдығы ең алдымен отбасыдан басталады. Себебі бала дүниеге келген сәттен бастап ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, мейірім мен жауапкершілік секілді құндылықтарды алғаш болып отбасында сезінеді. Ата-анадан көрген өнеге, үйде естілген алғашқы ана тілі, ұлттық салт-дәстүр – барлығы да елдің болашағына әсер ететін тәрбие негізі. Отбасысы берік ел – мемлекеттің іргетасын мықты етеді.

Отбасы – адамның алғашқы ұстазы, рухани тірегі. Осы кішкентай ортада берілген тәрбие болашақ ұрпақтың елге, жерге, тілге, дінге деген көзқарасын қалыптастырады. Отанды сүю – туған жерге, туған тілге, ұлттың болмысына құрметпен қараудан басталады. Бұл сезім ең әуелі ата-ананың жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, бір-біріне деген қарым-қатынасынан үлгі алып, бала бойына сіңеді. Сондықтан әрбір отбасы – ұлт тәрбиесінің қайнар көзі. Жанұядағы береке мен бірлік қоғамның тұрақтылығына әсер етеді. Бүгінгі таңда ел болашағы үшін жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу – ең маңызды міндеттердің бірі. Бұл жолда отбасының рөлі ерекше. Себебі мықты мемлекет болу үшін ең алдымен мықты отбасылар қалыптасуы қажет.

Бүгінде ұлттық бірегейлікті сақтау, жастарды патриот етіп тәрбиелеу – уақыт талабы. Бұл бағыттағы жұмысты әр отбасынан бастау керек. Себебі ұрпақ – елдің ертеңі. Елім деп еміренетін азаматтар тәрбиелеу үшін ең алдымен, өз отбасымызда отансүйгіштік рухты оятуымыз керек.

Қорытындылай келе, Отанға деген махаббатты әр адам жүрегінде, ең әуелі, өз үйінен бастауы тиіс. Себебі Отан – әрбір шаңырақтың, әрбір жүректің төрінен орын алатын ең ұлы ұғым.

 

 Е.Ештай

 

Түркістан облысының дін істері басқармасының                 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің     

 теолог маманы                                                                     

0 пікір