Адам баласының өмірде уақытында келген мүмкіндікті елемеген кездері бар. Ал мүнкіндігі бола тұра, сол мүнкіндігін пайдаланбай уақытын босқа өткізіп, өзге адамның жасаған ісін көріп, «шіркін осылай болса, әттеген-ай» -деген өкініште қалады. Адамның табиғаты бос, жеңіл, өзінің көңіліне жағымды нәрселерге құмар болады. Қиял-ғажайып хикаяны, қызықты әңгіме, той-томалақ кезіп жүргенді, түрлі-түрлі кештерге, ойын сауыққа адам құмар болып, осы нәрселермен уақытын, тіпті өмірінің бір бөлігін өткізіп алады.
Ислам діні адам баласының мына өмірде бақытты болуын, әрбір сәттің қадірін тиімді де, пайдалы өткізгенін қалайды. Сахабалардың бірі Ибн Омар (р.а.): «Бірде Алла елшісі (с.а.с.) екі қолын қос иығыма қойып тұрып: «Бұл дүниеде, бір жерде уақытша ғана жүрген жат елдік адам немесе жолаушы секілді болғын»,-деп айтты», - деген. Осы хадисті риуаят етуші: «Ибн Омар: «Кеш батқанда таңға дейін көрер күнім бар ғой деп, таңның атуын және таң атқанда кешке дейін өмір сүрермін деп кештің батуын күтпе. Денсаулығың барда ауырып, науқастанатын шағыңды, көзіңнің тірісінде де о дүниелік болатыныңды ойлап, ізгі амалдарды көбірек жасап қалғын»,-деп жиі айтатын еді»,-деген. Бұл хадистен ұғарымыз, қазіргі жағдай жыл басынан бері көптеген адамдар уақытша жұмыссыз карантин режимінде өмір сүруде. Бос уақытта «Таңның атуын, кештің батуын» күтпе, өміріміз бір ғана жұмыспен тоқтап қалмайды. Керсінше осы сәтті тиімді пайдаланып, осы уақытқа дейін жасай алмаған істерінізді жалғастырыңыз. Отбасыңызға бала тәрбиесіне, көңіл бөліп, өмірдің маңыздылығын үйретіңіз.
Адам өмірінің ең маңызды кезеңі жастық шағы. Бұл кезең адамның тұлға болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Жас кезде, жалындаған жастық жігер мен күш-қуат тасып тұрған уақытта жасалған еңбегін, алған білімін тасқа ойып жазған сөзбен тең. Сондықтан, жастық шақтағы уақытты болмашы дүниенің арзан ойын-күлкісіне алданбай, тиімді пайдаланып, тиімді іске арнау қажет. Бұл жайында Ардақты пайғамбарымыз (с.а.с.) Муслимде келген бір хадисінде: «Жастардың ең жақсысы-(ойын-күлкіге берілмей, ойлы, байсалды боп) қарттарға ұқсағандары. Ал, кәрілердің ең жаманы-(жеңілтектікке салынып, нәпсінің жетегіне кетіп) жастарға ұқсағысы келгендері»,-дейді. Бұл хадистен ұғарымыз, біздің қоғамдағы жастардың өмірінде осылай мүнкіндіктерді жіберіп алып, оқыған мамандығының, жасаған ісінің жемісін көрмей, жүрген жандар да қаншама?! Ал жастардың қарттарға ұқсауы-тепсе темір үзетін жігіттік шағында қызылды-жасылды дүние қанша қызықтырса да мың бір түрлі азғыруларына көңіл аудармай, тән қалауын шетке ысырып, бойдағы құмарлықты тежеп, күнәларға қарсы тұру деген мағынаға шығады. Жастық шақ мүмкіндіктерге толы уақыт. Кешегі тарихта өткен тұлғалардың қай-қайсысын алсақ та, жас кезінде көптеген жетістіктерге жеткен. Олардың өткен өмірін, жасаған еңбегін, ерлігін, жеткен жетістігін оқығанда таң қаласың. Сол тұлға бабаларымыздың қаны бойымызда бар. Біздің қоғам ол заманға қарағанда был заманда мүмкіндіктер жетерлік. Біз сол заманның тұлғалары жасағандай етіп, бір істі жасамасақ та, соған ұқсап бағайық.
Немістің әлеуметтанушы, психолог ғалымы Ханс Рослинг: «Адамның өміріне әсер ететін төрт түрлі нәре бар, оның біріншісі Адамның биографиясы, екіншісі медиа биографиясы, үшінші ескірген білімі, ал соңғысы интуиция (түйсігі)»,- дейді.
Демек, біздің өмірімізді болашақ ұрпақ естігенде, біз бабамыздың өмірінен өнеге алғандай, болашақ ұрпақ та үлгі алуы керек. Әрине, бабаларда медиа биография болған жоқ. Бірақ, жаугершілік заман болды. Өмірі болашағы үшін елін, жерін қорғап өтті. Өмірінен өнеге аларлық биографиясын қалдыра білді.
«Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда, ертеңгі ұрпаққа қалар өнегеміз медиа биография болуы да мүнкін. Әлеуметтік желіде бірнеше парақшамыз бар. Кейбірі шынайы болса, кейбірі жасанды болып жинақталуда. Әлеуметтік желі күнделікті дамығанмен оның ішінде әдепке сай емес дүниелер де көбейіп барады. Балаларымыздың балалық шағы, бала сияқы асыр салып ойнап, балалық шақтың қызық кездеріне бөленбей, алақандай дүниенің қызығымен күндерін өткізіп жатыр. Интернеттен көрген әдепсіздігіне еліктеп талай жас буынның санасы улануда. Жақынымызды алыстатып, алыстағыны жақындатқан медиа қызыққа алданбайық. Болашақ медиа өмірімізді көркемдейік оны алары мол дүниеге толтырайық. Біздің кейбіріміз соңғы технологияны орынды пайдалана алмасақ та «ескірген біліммен» өмірімізді сүрудеміз. Қазіргі қоғам үлкенге ақыл айтар «ақсақалы жоқ», қыз, келінге қырық үйден тияр әжесі жоқ, асыр салып, асық ойнаған баласы жоқ қоғамың күйін кешудеміз. Кейде біз кейбір жерде «оты өшше де, шоғы өшпеген» айтқан атамыздың сөзімен, берген ақылымен, мектепте немесе жоғарғы оқу орнында оқыған, сол кездегі берген ақылменен әрекетімізді жасап жүрміз. Өткеннен өнеге алып, болашағымызды әсемдейік. Осының барлығына біздің амал жасауымыз санамыздың түйсігіне байланысты. Егер түйсігімізде ұғынарлық бір нәрсе болса бізден нәтиже шығар деген сенімдемін.
Қорыта келе Өмірді босқа өткізбеу, күніңді өміріне сай өткізу керектігін жазғанды дұрыс санадым. Өмірдің қасына өлімді қойып, «Өмірді өткізіп алма, өмірін өтеді. Бір күні өмірден өтесің»,- деп айтқанды жөн көрдім. Өміріміз мәнді, болашағымыз жарқын болсын.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің Сайрам ауданындағы теолог маманы Битанов Жангелді Нұрғалиұлы
Өмірің зая кетпесін