Қазақ халқының Ислам дінін қабылдағанына және осы дінінің аясында ұлт болып қалыптасқанына міне XIII-ғасырға жуық уақыт болды. Осы уақыт ішінде қазақ халқы мұсылман болғалы ислам шариғатын әр заманда, кез келген ортада дәстүрімен діні біте қайнасып келді. Алайда шаңырығымыздың ішінен отау тіккен кереғар діни ағымдардың қарсы келіп жүрген меселелерінің бірі осы – Наурыз. Олардың айтуы бойынша Наурыз мейрамы Исламға жат мереке. Өйткені бұл мереке ежелгі зәрдуштылық (зароостр) дінінің сарқыншағы. Исламға қарсы элементтер қамтылғандығын алға тартады. Бұл мәселе бойынша халықтың діни танымдық деңгейін көтеру мен теологиялық тұрғыдан хабардар болуына қатысты біршама мәліметтер беруді жөн көрдік.
Тарихи мәліметтерде Наурыз айында әуелі көрісу-сонау ғұндардан, сақтардан бері бар ғұрып.Түркі тілдес халықтарында наурыз мейрамы б.з.д. VIII-ғасырдан Ғұн, Сақ бабаларымыздан бері жаңа жыл мерекесі ретінде тойланып келеді. Наурыз мерекесі түбі сонау парсыларға тіреледі. Наурыз – сөзінің мағынасы «нау-жаңа», «руз-күн» яки жаңа күн. «Заманына қарай амалы» демекші Әз-Наурыз мерекесі қазақ халқының сенімінде қыстан аман-есен шығып, малдың аузы көкке ілініп, күн жылыған кезде жаңа жыл ретінде тойланады. Ата-бабаларымыз бүгінгідей жылы, жайлы үйде жатпағаны белгілі. Жылдың қыс айлары, әсіресе Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде күн суық аймақтарда қыста алты айлап бір-бірін көре алмай, содан қыстан аман шыққаны үшін көрісетін болған. Қыстан аман-есен шыққан халық бір-біріне зиярат етіп, амандық-саулық сұрасып, бір жаратушыға шүкіршілік еткен. Осындай дәстүрді қазағымыз «көрісу күні» деп 14-наурызды белгілеген. Көршілес өзбек халқы бұл күні Самарқандта көк тас еритін күн деп наурыз мерекесін бастаған. Дәстүрлі дінімізде көрісуге, сәлемдесуге байланысты Имам Мүслім жинағы, Әбу Һурейра (р.а.) жеткізген хадисте: Алла елшісі (с.а.с.) «Ендіше, араларыңда сүйіспеншілік тудыратын істі айтайын ба? Өзара сәлемдесіп, амандық сұрасуды кеңінен жайындар»,- деп айтты» - делінген. Көрісу, амандық сұрасу ислам дінінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті.
Орта Азия ұлттарының дәстүрлі мейрамына айналған наурызды дінімізбен байланыстырып, базы біреулердің үзілді кесілді қарсы шығу себептері мәжуси (отқа табыну) сеніміне сүйенетін, зәрдуштылық діни рәсімдері деп ел болып тойлуға наразылық танытуда. Бұл мерекенің Ислам дінімен байланысы жоқ. Өйткені Исламда екі мейрам бар. Ораза айт және Құрбан айт мейрамы. Ал Наурыз мейрамы діни мейрам емес. Наурыздың діни мереке болу үшін Ораза, Құрбан айттары сияқты діни үкімдері болу қажет. Мысалы: екі ракат намаз оқу, құрбандыққа мал шалу т.б. сияқты. Наурыз діни мейрам ретінде қабылданбайды. Бірақ шариғатқа қайшылығы жоқ. Кейбір жат ағымға еліктеп жүрген азаматтар секілді Наурызды исламдық мерекелерге қатысы бар деп түсінуге болмайды. Дәстүріміздегі барлық мұра құндылықтарымызды исламнан санау қате пікір. Өйткені бұл мереке тек қазақ ұлтына тән мереке емес, бүкіл Орта Азия халқына тән мейрам. «Заманы бірдің амалы бір». Бұл мейрамда осы аймақтарда мекен еткен көптеген ұлттың бояуын байқаймыз. Наурыз – тек қазақ жұртшылығы ғана емес, күллі түркі әлемі үшін айрықша мейрам.
Жібек жолы торабында орналасқан еліміз бен жеріміз бір кездері парсы мәдениетінің әсеріне байланысты сіз бен біздің оқып жүрген намаз, ораза сөздері де парсы тілінен енген. Жат ағымның артынан еліктеп жүрген қандастарымыздың ойында дінімізді бұрмалау ма, әлде ұлттық құндылықтарымызды жою ма, бізге белгісіз. Олардың келеке етіп жүргені ертедегі парсылардың зәрдуштілік дінінің наурызы. Ол от жағып, оттан секіру, отқа табыну мейрамы. Ал қазақ еліндегі наурызда от жағу, одан секіру және табыну мүлдем жоқ. Халқымыз парсының пұтқа табынушылық мерекесін тойлаған емес. Бүгінде Зәрдүштілік діні өз бояуын жоғалтқан, отқа табынатын әдеттер ада, халық арасында тек дәстүр ретінде қалыптасқан мереке. Пайғамбарымыздың кудси хадисінде «Әр бір жасалған амал ниетке байланысты - бағаланады»,- деген.
Ислам дінінің келу тарихында Әзіреті Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) араб қоғамындағы дәстүрдің барлығына қарсы болған емес. Бұлардың қатарына қасиетті айлар түсінігі, кейбір күндері ұсталатын нәпіл оразалар салты т.б. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламның негізгі сенім қағидаларына қайшы келмеген жағдайда ұлттың ежелден қалыптасқан салтына құрметпен қарау түсінігін құптайды.
Ислам тарихы кітаптарынан мәлім болғандай Наурыз мерекесіне сахабаларда қарсылық танытпаған, керісісінше құптағаны белгілі болды. Тарихшы әл-Хатыб әл-Бағдадидің айтуы бойынша Хазіреті Әли (р.а.) Парсы шығанағына барғанда имам Әбу Ханифаның атасы Нұғман ибн Марзубан келіп Оған Наурыз мерекесіне байланысты бір кәде сыйлық жасайды. Әли (р.а.) мұның мәнісін сұрағанда, Нұғман ибн Марзубан: «Бүгін Наурыз мерекесі, бұл сыйлықты сол үшін сыйладым»,-дегенінде Әли (р.а.) бұған қарсылық білдірмей: «Бұл жақсы үрдісті, күніге істеңдер!( Наурызда сыйлық сыйлау үрдісі)»,- деп өсиет еткен. Егерде наурыз мерекесі харам болса, онда оған жасалған сыйлықта харам болар еді дейді ислам ғұламалары.
Ханафи мазхабында салт-дәстүрге өз орнымен қағида ретінде де қабылдайды, халықтың салтына жеңіл қарауға болмайтынын түсінген. Дінімізде «Шариғи мән қаблана ғурф» фикх (шариғат қағидасы бойынша) «Исламнан алдыңғы әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері Ислам негіздеріне қайшы келмей, қоғамдық қатынасты оң реттеген болса, бұл салт-дәстүрлер сақталады»,-делінген.
Ислам ғалымдары арасынан аталмыш мейрамға оң қабақ танытқан XV-XVI-ғасырда өмір сүрген «Шейхул Ислам» атағын алған Ханафи ғұламасы Мухаммед Әбу Сууд (1490-1574) «Фикһта харам үкімін тудырған себептің жойылуы-үкімнің де жойылуына алып келеді»,- дейтін қағидасы бар.
Ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің «Нұх Наурызнама» деген жазбаларында мұның Хз.Нұх пайғамбардың заманынан қалған мейрам екендігі алға тартқан.
Сауд Арабияның шариғат ғылымдарының докторы Шейх Абдулла ибн Абдурахман Бухаридің ұлттық мерекелер жайлы пікірі: «Бұл рұхсат етілген негіз, жергілікті ғалымдардың келісімімен болатын нәрсе. Бұл құлшылық мәселесі емес. Бұл жәй әдеп-ғұрыптар. Дүниелік мерекелерге немесе мемлекеттік мерекелердің бәріне рұхсат етілген» - дейді. Тіпті араб мұсылман ақын шайырлары наурыз мерекесі жайлы мадақтап көптеген өлеңдер жазған.
Наурыз мейрамына қатысты Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімі төмендегідей пікір білдірген.Патуа мәтініне сүйенсек; «дін саласындағы «әдет-ғұрып» Фикх қағидасында елдің бұрыңғы салт-дәстүрлері ислам негіздеріне қайшы келмей, қоғамдық қатынасты оң реттеген болса, бұл салт-дәстүрлер сақталады, яғни бүгінгі салт санамызға сіңген Наурыз мерекесінің Исламға ешқандай ала-бөтендігі жоқ».
Сөзімізді түйіндей келе «Елу жылда ел жаңа,-жүз жылда қазан жаңа»,-демекші бұрыңғы наурыз мерекесін от жағып қарсы алушылық дәстүрімізде сарқыншағыда жоқ. Қазіргі қазақтың мерекесі қыстан күйзеліп шыққан елдің көрісуі мен қазақи құндылықтарымызды жандандырып, көкпар беріп ат-шаптырып, палуандар күресін өткізіп, ән-жыр, айтыс-терме ұйымдастырып, наурыз көжені жеті түрлі дән-дақылдардан дайындап ас берген, араздасқан адамдар осы күні татуласып, жақсы бата берісіп, ұлыс оң, ақ мол болсын деген ізгі тілектермен қауышып жатады. Ұлыстың ұлы күні, күн мен түннің теңелген күні ретінде наурыз айының 21-22 күндері ұлттық жаңа жыл ретінде тойлайтынымыз Құран мен сүннет негіздеріне қайшылығы жоқ, керісінше осындай салт-дәстүріміз арқылы халқымыздың ынтымақ-бірлігі күшейеді, туыстық, достық қарым-қатынасы нығаяды, сүйіспеншіліктері артады. Діні мен рухани құндылықтарын қатар ұстаған халықтың келешегі үстем болмақ.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ
«Әдітемелік қамтамасыз ету» бөлімі маманы А.Дүйсен
Наурыз діни мейрам ба?