Карантин талабын сақтау денсаулық кепілі
Карантин талабын сақтау денсаулық кепілі
21.05.2021
758
0

Карантин – ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.

Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі.

Елімізде үстіміздегі жылдың ақпан айының 1-жұлдызынан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинация жүріп жатқаны баршамызға аян. Мұндағы мақсат еліміздегі болып жатқан індеттің алдын-алу екені анық. Өйткені елімізде эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірінші кезекте маска киіп жүру қажеттігі және карантиндік шаралар қатаң сақталуы тиіс екені айтылуда. Инфекция ауа арқылы таралатындықтан кез келген уақытта, кез келген жерде жұғуы мүмкін екендігі айтылуда. Халық көп жиналатын орындар – дүкен, дәріхана, қоғамдық көліктерде маскамен жүруге шақыруда. Мұның бәрі еліміздің болашағы үшін айтылып жатқан дүние.

Өйткені «Денсаулық – зор байлық» – деген мақал тегін айтылмаған. Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет.

Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни, адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» – деп атап көрсеткен.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауды қолдауда.

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз.

Дені саудың – жаны сау. Бүгінгі дені сау ұрпақ – елдің ертеңгі жалғасы. Денсаулық – ел дамуының басты арқауы. Денсаулық сақтау біздің өміріміздегі келелі мәселелердің, үшінші мыңжылдыққа аттаған еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі.

Жеке адамның да, мемлекеттің, қоғамның да басты байлығы – денсаулық. Осынау байлығымызға балаған денсаулығымыздың қамын ерте бастан ойлауымыз қажет екенін естен шығарып алмағанымыз жөн.

 

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру және үйлестіру

бөлімінің басшысы                                                                      Қ.Салықбаев

0 пікір