Жол ережесінің мәдениеті
Жол ережесінің мәдениеті
18.07.2025
14
0

Қазіргі заманғы қарқынды дамып келе жатқан қоғамда көлік қозғалысы адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Осы ретте жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі мен мәдениеті басты назарда болуы тиіс. Жол ережелерін сақтау – тек заң талаптарын орындау емес, ол адам өміріне деген құрметтің, азаматтық ұстанымның көрінісі.

Жол ережесінің мәдениеті – көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің бір-біріне деген сыйластығы, қауіпсіздікке деген саналы көзқарасы және қоғамдық ортадағы тәртіпті сақтау. Мәдениетті жүргізуші жылдамдықты асырып, қауіп төндірмейді, жаяу жүргіншілерге жол береді. Ал мәдениетті жаяу жүргінші жолды белгіленген жерден ғана кесіп өтеді, көшеде жүріп телефонға алаңдамайды. Қоғамдағы жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жол ережесін бұзу, асығыстық, салғырттық, мәдениеттің төмендігі. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру аса маңызды. Балаларға жол белгілері, қауіпсіз жүріс, қоғамдық тәртіп туралы үйрету – болашақтағы жауапкершілікті азамат тәрбиелеудің бір бөлігі.

Жол  ережесін сақтау – бұл тек міндет емес, бұл – мәдениет. Әр азаматтың саналы әрекеті арқылы ғана қауіпсіз, тәртіпті орта қалыптасады. Жолдағы әрбір қадам – жауапкершілік пен адамгершілікке толы болуға тиіс.

Жол қозғалысы – күнделікті өміріміздің маңызды бөлшегі. Қаланың қарбалас тіршілігінде немесе ауылдық аймақтарда болсын, адамдар көлікпен, жаяу немесе қоғамдық көлікпен қозғалады. Осындай ортада жол ережелерін сақтау мен мәдениеттілік – қоғамның тыныштығы мен әр адамның амандығы үшін аса қажет.

Жол ережесінің мәдениеті – бұл тек заң аясында әрекет ету ғана емес, сондай-ақ әр азаматтың саналы түрде жауапкершілік танытуы. Жолда жүру мәдениеті адамның ішкі тәртібі мен моральдық қағидаларын көрсетеді. Мәселен, жүргізуші жаяу жүргіншіге жол беру арқылы адамгершілігін көрсетсе, жаяу жүргінші де белгіленбеген жерден өтпеуімен өзгелердің қауіпсіздігіне үлес қосады.

Жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі – жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жауапкершілігінің төмендігі. Асығыстық, жол белгілеріне мән бермеу, тәртіпке бағынбау көптеген қайғылы оқиғаларға себеп болуда. Сондықтан жол ережесін білу жеткіліксіз, оны күнделікті өмірде мәдениетті түрде ұстану маңызды.

Бұл бағытта білім беру мекемелерінде оқушыларға жолда жүру ережелерін үйрету, арнайы тренингтер мен акциялар ұйымдастыру аса қажет. Сонымен қатар, БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстарын күшейту де маңызды. Жол қозғалысына қатысушы әрбір азаматтың өз әрекетіне жауапты екенін сезінуі – қоғамда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шарты.

Қорытындылай келе, жол мәдениеті – елдің дамығандығының, азаматтардың саналығы мен тәртіпке деген көзқарасының көрсеткіші. Әркім өзінің күнделікті жүріс-тұрысына қарап, өзгеге үлгі болуға тиіс. «Тәртіпке бағынған – құл болмайды» демекші, жол тәртібіне бейжай қарамау – адам өміріне деген үлкен құрмет.

 

 Е.Ештай

 

Түркістан облысының дін істері басқармасының 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ-нің теолог маманы                                                                          

 

0 пікір