Бүгінгі таңда әлемде қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, жастардың теріс діни ағымдарға, экстремистік және лаңкестік ұйымдардың ықпалына түсуі қоғам үшін өте өзекті әрі қауіпті мәселе болып отыр. Жасөспірімдер мен жастар – елдің болашағы, мемлекеттің тірегі. Бірақ дәл осы топ – әртүрлі манипуляцияға, жалған уәделер мен психологиялық әсерге ең осал келеді. Теріс пиғылды ұйымдар жастардың дінге деген қызығушылығын пайдаланып, өз идеологиясын таңуға тырысады.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін:
- Жастарға діни сауаттылықты дұрыс жолмен жеткізу;
- Ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
- Отбасылық, мектептік, қоғамдық тәрбиені күшейту қажет.
Жастарға бағытталған патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтарды ұғындыру, зайырлы қоғам ұстанымдарын түсіндіру – лаңкестікке қарсы ең тиімді құралдардың бірі. Соңғы жылдары әлемдік деңгейде лаңкестік ұйымдардың өз қатарына жастарды тарту әрекеттері үдей түсті. Қазақстан да бұл үдерістен тыс қалмады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жастардың санасына деструктивті идеяларды сіңіру – қазіргі заманның басты қауіптерінің бірі болып отыр. Оның басты нысанасы көбіне – жастар. Себебі жас буын ізденгіш, эмоцияға тез берілгіш әрі ақпараттық кеңістікте белсенді. Сондықтан жастарды теріс идеологиядан қорғау – қоғам алдындағы ең үлкен міндеттердің бірі. Жастардың экстремистік топтарға тартылуының бірнеше негізгі себептері бар:
- Ақпараттың шектен тыс көптігі және оның сүзгісіз қабылдануы;
- Жастар арасындағы жұмыссыздық пен әлеуметтік әділетсіздікке сенімсіздік;
- Қоғамнан оқшаулану немесе өзін керексіз сезіну;
- Діни сауаттың төмендігі мен жалған дін таратушылардың ықпалы.
Бүгінгі күннің басты талабы – жастарды жат идеологиядан қорғау үшін отбасынан бастап, мектеп, қоғам, мемлекет болып бірігіп жұмыс істеу. Себебі бір ғана жас адасса – оның артында бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне нұқсан келуі мүмкін. Деструктивті діни ағымдар көбіне 14 пен 30 жас аралығындағы жастарды өз қатарларына тартуға тырысады. Себебі бұл жастағы адамдар ізденіс үстінде, өзін-өзі тануға, қоғамда орнын табуға тырысады. Осы кезеңде олар жалған діни идеяларға оңай алдануы мүмкін. Деструктивті ағымдар жастарды түрлі жалған уәделермен арбайды. «Әділет», «тазалық», «шын жол» деп бүркемеленген идеялар шын мәнінде олардың болашағын құртып, қоғамнан алшақтатуға бағытталған. Мұндай әрекеттерге қарсы тұру үшін жастардың діни сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру өте маңызды. Интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралатын идеологиялық шабуылдар да олардың санасын улайды.
Жастар – елдің болашағы ғана емес, бүгінгі тұрақтылықтың тірегі. Олар саналы, сауатты әрі рухани мықты болса – ешқандай лаңкестік идеология орын таппайды. Терроризмге қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының емес, әрбір қазақстандықтың азаматтық міндетіне айналуы тиіс.
Саналы ұрпақ – радикализм мен экстремизмге қарсы тұра алатын негізгі күш. Жастар – мемлекеттің үміті ғана емес, оның қорғаны. Жастар – мемлекетіміздің болашағы, ел ертеңінің кепілі. Тәуелсіз Қазақстанды дамытуда олардың белсенділігі мен саналы көзқарасы айрықша рөл атқарады. Ендеше, олардың өмірін қауіптен қорғау – баршамыздың ортақ борышымыз.
Е.Ештай
Түркістан облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ-нің теолог маманы
Жастар лаңкестікке қарсы
