Жастар және діни экстремизм
Жастар және діни экстремизм
18.07.2022
1097
0

         Қазір әлемде діни жағдай күрделеніп барады. Халықтың тұтастығы мен дін тұтастығы және мемлекет тұтастығы арасында бірегей қатынас немесе байланыс бар деседе болады. Осындай оңтайлы сәтті пайдаланған, жымысқы әрекеттерімен ел ішінде өзара бүлік салып, қарапайым халықтың оңы мен солын тануға мүмкіндік бермей жатқандар қаншама. Олардың  енді біреуі ұлттық діндер атын жамылып жүрген теріс ағымдар болса келесісі өз саясаты үшін дінді пайдалып, өз кәсібін тұрпайы жолмен алып жүргендер. Басқа халықты, ұлтты қойғанда қазақ халқының санасына қырық руға емес, қырық дінге бөлуге атсалысып жүргендер қаншама?! Өмірлік бағдарын әлі айқындай қоймаған жастар осындай  ойындардың құрбаны болуға оңтайлы сәт.                                         Діни экстремизм мен терроризмнің таралуының өсіп келе жатқан сын-қатерлері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырады. Діни экстремизм кең таралған әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғам өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізеді. ХХІ ғасырда интернет желісі экстремистік топтардың ең негізгі ақпараттық алаңына айналды. Экстремистік топтар тарапынан жаңа жақтастарды өздеріне тарту үшін барлық қол жетімді мүмкіндіктер қолданылады: әлеуметтік желілер, мессенджерлер, онлайн ойындар, белгілі бір бағдарламалар және т.б.  Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты – саяси идеологиялық көзқарастары толық қалыптастапаған жастарды өздеріне тарту. Қазіргі кезде осындай діни экстремистік топтарға қарсы тұруға көп әдістер қолданып жатыр. Интернет желісіндегі экстремистік ақпарат көздерін анықтап, бұғаттайтын бағдарламалар құрылуда және де интернетте ақпараттық сауаттылықты арттыру. Ақпараттық-сауаттылықты арттыру жастардың ойын өзгертіп, экстремистік идеяларының алдын алуға септігін тигізеді. Жалпы бұндай ұйымдармен күресті тек мемлекет емес, әрбір қазақстандық азамат жүргізуі тиіс. Жастардың санасын қорғау мен сауатын ашу қоғамдық жауапкершілікке айналуы қажет.                                                                                                           

          Қазіргі күні халықаралық терроризм өзінің қатыгездігімен, зұлымдығымен және ауқымдылығымен әлемдік қауіп-қатерге айналғаны белгілі. Түптеп келгенде терроризм идеологтары өз әрекеттері арқылы мәдениеттер мен діндердің арасына ғана емес, сонымен қатар мемлекеттер мен түрлі халықтар арасына да өшпенділік орнатуда. Ең өкініштісі – дін негіздерін жаңадан таныған, өмірлік тәжірибесі жоқ жастардың санасын улап, дінимсауаттылықтың жеткілікті деңгейде болмауына байланысты экстремистік ұйымдардың арбауына түсіп қалуы. Сондықтан да жастардың дін­и және құқықтық сауа­тын көтеру, олардың бойына адамгершілік құндылықтарын сіңіру және теріс идео­логияларға қарсы тұра алатын иммунитет қалыптастыру – ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Менің ойымша, бұндай ұйымдармен күрестің бір жолы – өскелең ұрпаққа кішкентай кезінен ата-анасы ұлттық тәрбиені, танымды, сананы бойына сіңіріп тәрбиелесе, осындай ұйымдарға алданып қалмайды деп ойлаймын. Жалпы, енді ер  жетіп келе жатқан балаларға ұлттық дәстүр түсіндіріліп, ата-бабаларымыздан қалған мұраларды, ақындар мен жыраулардың еңбектерін дәріптеп түсіндірілсе, ұлттық әдептілік қағидаттары үйретілсе, отбасылық құндылықтар насихатталып, дұрыс жолға сілтеу алатын болса енді дамып келе жатқан жастар арасында мұндай мәселелер кеңінен таралмас деп сенемін.                

            Экстремизм қатерлі ісікке ұқсас, егер алдын алу шаралары уақтылы жүргізілмесе, уақыт өте келе өсіп, терең тамыр алады. Сондықтан халықтың діни сауаттылығы өте маңызды және қажет. Ал діни сауаттылық – оқыту, ағарту және әдебиет арқылы алынған білім. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев қара сөзінде: «Адам – өз заманының баласы. Егер ол жаман болса, оның замандастары да кінәлі». Қазіргі кезде мемлекет үшін жастарды тәрбиелеуге, физикалық және рухани түрде сау және толыққанды жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды мәселе деп ойлаймын.

          Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу мәселесі ең алдымен әр отбасының, қоғамның, мемлекеттің жауапкершілігі. Қоғамның мемлекетпен бірлесе отырып, бұл бағытта жұмыс атқаруы маңызды жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Жастардың сауатты, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуы да үлкен септігін тигізеді деген ойдамын.

Ж.Байгерей    

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің 

дінтанушы маманы                    

0 пікір