Жастар – кез келген мемлекеттің негізгі тірегі, болашағы мен дамуының негізі. Олар қоғамның ең белсенді, шығармашыл, жаңашыл бөлігі болып табылады. Елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуындағы маңызды рөлді жастар атқарады. Жастардың ой-өрісі, білім деңгейі, еңбекке деген көзқарасы мен азаматтық жауапкершілігі елдің ертеңін қалыптастырады. Сондықтан да жастардың дұрыс тәрбие алуы, олардың білімді әрі саналы азаматтар болып өсуі маңызды. Бүгінгі күні жастар саясатын жүзеге асырудың мемлекеттік ұстанымын айқындайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңы және өзге де нормативтік құжаттар мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге асырудың құқықтық негіздерін айқын белгілейді.
Жазушылардың бірі Абдурауф Фитраттың айтуынша, жас ұрпақты толыққанды дұрыс жолда тәрбиелеусіз қоғамды реформалау және оның дамуына, өркендеу жолына бағыттау мүмкін емес. «Тәрбие неғұрлым жақсы болса, халық та соғұрлым бақытты өмір сүреді», - дейді дана. Ал Жәбир ибн Самурадан келген хадисте: «Алла елшісі (с.а.с.): «Балаға жақсы әдепті үйрету – күн сайын қайырымдылыққа жарты сағ (400 грамм) садақа бергеннен гөрі абзал», – дейді. Осы тұрғыдан балаға көркем мінез-құлық пен дұрыс бағытта білім беру – мал-дүниені жұмсап садақа беруден гөрі пайдалы екені баршамызға аян болды. Көтерген мәселенің өзектілігін қорытындылай келе, баршамыз жастарды тәрбиелеу үшін мол жауапкершілікті сезінуіміз және біздің қоғамымызға тән болмаған істерден бойды аулақ ұстап, бірлесе күресуіміз керек.
Жастар – елдің болашағы. Олардың білімділігі, азаматтық жауапкершілігі, рухани және мәдени дамуы, денсаулығы мен кәсіпкерлік қабілеттері елдің өркендеуіне негіз болады. Сондықтан да жастарға дұрыс тәрбие мен қолдау көрсету – әрбір қоғамның басты міндеті. Жастарды өз елінің патриоты, қоғамның белсенді мүшесі, болашақ көшбасшысы ретінде тәрбиелеу арқылы біз жарқын болашаққа қадам басамыз. Елдің тұрақты дамуы үшін жастардың рөлі шексіз және оларға қолдау көрсету – біз үшін қашан да маңызды болмақ.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы, білімді де білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Жастар – қоғам өмірін алға бастаушы прогрессивті күш иесі екенін қай қоғамда да дәлелдеп келеді. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар, бүгінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосып келеді. Яғни елдің ертең гүлденуі де, бүлінуі де жас ұрпақтың жауапкершілігінде. Мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін жастарға уақыттың кез келген сынына дайын болып, бәсекеге төтеп беруге тура келеді. Ол үшін сергек сана, білім, дарын, заман көшінен қалмай жаңа технологияны меңгермек керек...
Жастар – қоғамның негізі. Олардың санасында әрдайым жамандық пен ізгілік идеялары арасындағы күрес жалғасады. Сол күресте дұрыс таңдау жүргізуге мүмкіндік жасап, бағыт-бағдар көрсетсек – болашағымыз баянды, келешегіміз кемелді болары сөзсіз. Себебі, «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей», – деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.
Ә.Болат
Түркістан облысының дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Мақтаарал, Жетісай ауданындағы бөлімінің маманы
Жастар – Ел болашағы
