Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру
Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру
21.02.2025
355
0

 «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қыран құстай қанатты, Мен жастарға сенемін», – деп М.Жұмабаев бекер айтпаған. Алайда, қазіргі таңдағы жастарымыздың бойында мұндай қасиеттер байқалмайды. Ата-анасы жарық дүниеге  таза пәк күйінде келтірді. Жүсіп Баласағұн: «Сүтпен біткен мінез, сүйектпен кетеді», – деп нақты айтқан. Сондықтан да жастарымыздың бойына рухани құндылықтарды сіңіру әрбір ата-ананың негізгі міндеті. Әлемнің екінші ұстазы болған Әл-Фараби бабамыз «Адамға ең бірінші – білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы. Ал келешекте оның барлық өмірін апат етеді» – деп  тайға таңба басқандай қылып айтып кеткен. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі» – деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туғанынан басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал, үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» – деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері жастардың бағыт-бағдары мен ұмтылысын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ол жастардың құндылық бағдарына ықпал ету арқылы өмір мәнін құрайтын қарапайым тұрмыстық мәдениет қалыптастырады. Адам рухының өмірді түсінуге бағытталған жаратылыстық ұмтылысы ақылсыздық, мағынасыздық, зорлық-зомбылық пен өлімді насихаттайтын бұқаралық ақпарат құралдарының саясаты арқылы жойылады. Теледидар, ұялы байланыс жас бүлдіршіндеріміздің мінез-құлқын өзгертіп, экран әлемі заңдарымен өмір сүруге үйретуде.

Қорыта айтқанда, жастық шақ – бұл өмірде өз орнын табу ізденісінің және өз ішкі дүниесін қалыптастырудың кезеңі. Бұл кезеңде олардың рухани дүние­танымын дұрыс қалыптастыру қоғамның дамуына әсер етеді. Жастардың руха­ни дүниетанымының даму деңгейі қоғам­ның табысты дамуының кепілі. Қорыта айтқанда, жастық шақ – бұл өмірде өз орнын табу ізденісінің және өз ішкі дүниесін қалыптастырудың кезеңі. Бұл кезеңде олардың рухани дүние­танымын дұрыс қалыптастыру қоғамның дамуына әсер етеді. Жастардың руха­ни дүниетанымының даму деңгейі қоғам­ның табысты дамуының кепілі. Қайыңның қырық бұтағы болады. Алайда, сол қырық бұтақтың ішіндегі біреуі ғана пайдаға асар түзу таяқ болады, ал қалғандары жәй ғана саптыаяқ пен қисық таяқ болады». Мұнымен не айтқым келді, әрбір еліміздің жас жеткіншектері қисық, қиғаш ғұмыр кешпей, түзу әрі берік болып жетілуі, болашаққа нық қадаммен бекінуі керек. Тәуелсіз елдің жастары еліміздің ертеңі екенін білсе, демек тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым М.Мағауин атамыз айтқандай «ұлттық сананы жаңғыртып, ұлттық идеалогияны қалыптастыруымыз», зейінімізді арттырып, топ ішінен даралануымыз, озық шапқан « XXI ғасыр Құлагері» атануымыз ақиқат.

 

Қ.Салықбаев

 

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастыру және үйлестіру

бөлімінің басшысы                                                                    

 

 

Тіркеу №

0 пікір