Жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру
Жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру
16.06.2021
1234
0

Қазіргі таңда дін қоғамда маңызды орын алады, әсіресе жастар арасында діннің кең таралуы байқалады. Осыдан бірнеше жыл алдын кең таралған діни ағымдар мен діни ұйымдардың белсенді қызметтерінің нәтижесінде жастардың басым көпшілігі діни ұйымдардың мүшелеріне айналып отыр. Алайда, жастардың діни ұстанымдары мен діни дүниетаным деңгейлері әр түрлі болғандықтан, ерекшеліктерін анықтауды талап етеді. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес 14-29 жас аралығындағы адамдарды жастар санатына жатқызамыз. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% құрайды және өте маңызды болып табылады. Жастардың дұрыс бағытта қалыптасуы үшін діни көзқарасы, руханилығы, білімі, ұлттық менталитеті мен отан сүйгіштігінің  дамуына жағдайлар жасалуы керек. Жастардың арасындағы теріс діни ақпараттар мен фанатизм әсерін тигізетін интернет жүйесінің қызметін ерекше айта кеткенде жөн.

Әлеуметтік желінің жастарға кері әсері

Интернет жүйесі қолжетімді заманда әлеуметтік желілердегі түрлі теріс дінді насихаттайтын, сайттар мен қауымдастықтардың қазіргі адамдардың қызығушылықтарын арттырып, жастар арасында кері әсері арта түсуде. Ата-анадан жауабын ала алмаған бала, интернетке жүгінетіні сөзсіз. Әлеуметтік желілердегі тыйым салынған уағызшылардың  экстремистік сайттардың еркін қолжетімділігі де, баланы жарға жығуға итермелейтін факторларының бірі болып тұр. Қазіргі таңда ұялы байланыссыз, интернетсіз жүрген баланы көрсек, таңырқайтын кезге тап болдық. Интернетте шетелдегі тыйым салынған псевдошейхтар мен еліміздегі заңсыз уағыз айтушылардың қатары бұрынғыға қарағанда біршама бәсеңдегенімен, жастар арасында интернеттегі деструктивті діни уағызшыларға еліктеу тыйылар емес. Жастар сол интернетте жарияланған мәліметтерге, видеоларға сеніп, оларға лайк басып, пікір жазып, ақпараттармен бөлісіп отыруды үрдіске айналдырған. Бұл жастар арасында дәстүрлі үрдіске айналып кеткен десек те болады. Сол мәліметтер мен видеолардың арасында жиһадқа шақыратын, билікке қарсы қоятын ақпараттар да жетерлік. Сондай ақпараттарды достарымен бөлісіп, от басып жатқандары қаншама.  Отбасында адал мен арамды білмей өскен бала дінге  қатысты көкейінде жүрген сұрақтың жауабын ата-анасынан ала алмағандықтан, көшедегі жат ағымның өкілінен сұрап, оның етегінен ұстап, оп-оңай соңынан кетеуі де мүмкін. Сол себепті бірінші кезекте дінге қызығушылығы бар баланы, интернетке алаңдатпай, мешіттен діни сауатын ашып, зайырлы тәрбие беретін мектептерде білім алып, тарих, дәстүрлі құндылықтарымызды,  зиялы тұлғаларымыздың өмірін балаға өнеге етіп айтып, келеңсіздікке тап болмау үшін, тәрбиемен қатар үйреткен дұрыс. Бала қолындағы смарфонмен сіздің қасыңызда болғанымен ой-санасы мен жан-дүниесі өзге жақта болып қалмасын. Әр жас бір отбасында тәрбиеленеді.  Яғни белгілі бір отбасында дүние есігін ашқаннан бері әрқашан жанында болып, қамқорлығында болады. Осы себептен, жастардың дүниетанымы мен діни ұстанымына елеулі ықпалын тигізетін оның жанұясы, жақын-туысқандары болып табылатындықтан діни дүниетанына  отбасындағы тәрбиесі әсер етеді.

Діни мәселелерді ресми дерек көздерінен ізденбеуі

Кез келген жас бала кезінен сауатын ашқан соң, кітап оқумен танысады. Кітап оқу арқылы дүниені тани бастайды. Сондықтан да кітап оқуды жастардың өзіндік көзқарасы мен дүниетанымына әсер етуші факторлардың бірі ретінде қарастырған жөн. Себебі интернет дамыған заманда жастар көкейіндегі өзіне керекті кез-келген ақпаратты, дінді енді үйренуші жастар – кітапқа, ресми сайттар мен ресми діни әдебиеттерге жүгінбейді. Достарынан діни ақпараттар алып, сол ақпараттармен ғана шектеледі. Яғни интернеттен немесе өзі сияқты енді намаз бастап жүрген, шала сауатты отбасынан тыс, мектептегі сыныптастарынан, жоғарғы оқу орнында группаластастарымен және т.с.с. адамдармен қарым-қатынаста болып, сол досының әлеуметтік желідегі теріс ағымды насихаттап жүрген парақшасына, оқыған діни әдебиетін, тындап жүрген діни уағызын, еш күмәнсіз зерттеп қарамай, оның байыбына бармай, дін мамандарына жүгінбей, өз бетінше, өз дегенімен ізденумен шектеледі. Осы себептен де, діни сауатсыз болғандықтан теріс діннің ықпалында кетіп жатқан жастар да кездесіп жатыр.

Беймәлім діни топтағы  таныс адамдармен арласуы

Жастардың ішкі күйзелісі кезінде отбасымен достарынан таба алмаған жауаптарын діни ағым мүшесімен немесе соның айналасында жүрген жастардан немесе әлеуметтік желіде, статустар мен парақшаларда бөлісу арқылы, жанына демеу, әлеуметтік желідегі ағайыннан қолдау күтеді. Немесе «Менен қарағанда  діннен хабары бар»,- деген оймен діни  кеңесіне жүгіне отырып, діни ағым мүшесімен белгілі бір байланыс орнатады. Сондықтан «дінді біледі екен» деген оймен діни мәселені сұрауы бұл қателік болып саналады. Жастар арасында қарапайым смартфон сатып аларда, сол смартфонды барлық жағынан зерттеп, зерделеп қарап, салыстырып сатып алып жатады. Сол секілді діни мәселелерді де сол сияқты зерттеп, зерделеп, өз маманынан кеңес алған абзал болады.

Өмірде өз орнын  немесе отбасынан қолдау таппаған жастар

Адам баласы қалыпты өмір барысында кездейсоқ қайғылы оқиғамен кездесіп жатса, сол оқиғаның әсерінен өмірге деген көзқарастың өзгеруіне әкеліп соғады. Кей жағдайларда қайғылы оқиға әсерінен адамның дінге деген ойы да өзгереді, тіптен діни ұстанымы да түбегейлі өзегеретін жағдайлар да кездесіп жатады. Мысалы, әдетте дінге мүлдем қызығушылығы жоқ адамдар, бір өлім аузынан қалған соң, құдіретті күштің барына сеніп, құдайға құлшылық ете бастайды. Осы себептен, өмірдегі қайғылы оқиғаны басынан өткізген соң, діни дүниетанымы қалыптасып, діни ізденісте болады. Сол сәтті қолайлы пайдаланған діни ағым мүшелері, оны қалай болсын өз қатарына қосып алады. Бұл да жастарға деген қамқорлықтың аздығын көрсетеді.

Жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Яғни, өзі мекендеген мемлекеттің дәстүрлі дінімнің пайда болуы мен даму тарихымен таныс болуы. Жастардың  жай ғана жылына бір рет келетін діни мерекелер мен салт-дәстүрлердің білуінен басқа, өз дінінің пайда болы мен даму тарихына қызығушылық танытқан жастардың өз діні жөнінде білімін арттыруға болады. Жалпы жас буынға ортақ біліміне қоса, өз діні туралы ізденушілік танытып, қызығушылығын арттыруға күш салуымыз керек.

Қорыта келе мектептермен қатар, жоғарғы оқу орындарында дінтану пәнін міндетті пән ретінде енгізу және зайырлылық қағидаты дінтануды оқытуда негізгі әдістемелік оқулықтың болуы шарт. Дінтанушы сөздік пен діни терминологияға қатысты, дәстүрлі дінмен діни ағымның ақ қарасын ажыратып беретін, нұсқаулық еңбектер шығару қажет. Тәуелсіздік аясында халқымыз өзінің тарихын, мәдениетін, рухани мұрасын жан-жақты және терең тануға қол жеткізді. Зайырлы мемлекетімізде ұлтымыздың сана-сезімін және салт-дәстүрлерін, ұлттық құндылықтарын өркениеттік тұрғыдан зерделеу маңызды. Осындай зерттеулер қазақ елінің рухани тұғырының бірі, ислам құндылықтарының қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Ұлт руханияты үшін ұлттық тіл, ұлттық діл және дін рухани тұғыр болып табылады. Осы үш діңгек бір-бірімен ажырамас бірлікте болғанда ұлт тұтастығы  мен дамуыда берік болады деп сенемін.

 

Түркістан облысы дін істері басқармасының

 «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің  теолог маманы

Битанов Жангелді   Нұрғалиұлы

0 пікір