Ислам толеранттылыққа назар аударады
Ислам толеранттылыққа назар аударады
17.09.2025
506
0
 
Елімізде дін тақырыбы өте нәзік тақырыптардың бірі саналады. Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері зайырлылық моделін ұстана отырып дамуда.
Исламда әрбір адамның ар-намысы, сенімі мен өмір сүру салты қадірлі. Бұл – толеранттылықтың басты қағидасы. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) христиан мен яһуди қауымдарымен келісім жасап, оларды мұсылмандармен тең құқықты өмір сүруге шақырған. Оның Мәдина қаласында құрған көпұлтты қоғамы – діндер мен ұлттар арасындағы төзімділік пен келісімнің жарқын үлгісі.
Исламдағы толеранттылық – тек діни көзқарас тұрғысынан емес, жалпы өмірдің барлық салаларында көрініс табады:
Діни төзімділік – Ислам басқа дін өкілдеріне құрметпен қарауға, олардың діни рәсімдеріне араласпауға шақырады. Мұсылмандар өзге дін өкілдерінің құлшылық орындарына тиіспеуге, олардың сеніміне тіл тигізбеуге міндетті. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с.) христиан елшілігін мешітке кіргізіп, діни рәсім жасауына рұқсат бергені – исламдағы толеранттылықтың айқын көрінісі.
Қазақстанда қазіргі таңда түрлі конфессиялардың мүддесін білдіретін 3,5 мыңнан астам діни субъектілер ресми түрде тіркелген. Осындай діни саналуандық дін саласындағы негізгі үдерістер мен үрдістерді елеп-екшейтін мемлекеттік саясатты жаңадан ой елегінен өткізуді күн тәртібіне қойып отыр.
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевта бірнеше мәрте айтқан. «Халықаралық терроризм мен зорлық-зомбылық экстремизмі бүгінгі таңда жаһандық қауіпсіздік үшін аса күрделі сын-тегеуріндердің бірі болып қалып отыр», – деген еді Президент Тоқаев.
Әлеуметтік толеранттылық – Адамдарды ұлт, ру, тіл, түсіне қарап бөлмеу – исламның басты ұстанымдарының бірі. Құранда: «Біз сендерді бір-бірлеріңді тану үшін ұлттар мен ұлыстар етіп жараттық» («Хужурат» сүресі, 13-аят) делінген. Бұл аят әрбір ұлттың өз ерекшелігімен қадірлі екенін, ал олардың арасындағы алшақтық емес, байлық екенін меңзейді.
Ислам – тек сенім мен құлшылықтың ғана емес, тұтас өмір сүрудің ережесін ұсынатын өмірлік жүйе. Қасиетті Құран Кәрім мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) хадистерінде толеранттылық туралы бірнеше аяттар мен өсиеттер келтірілген.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I Съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Оның жұмысына Ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты.
Съездің қатысушылары құрамының көрнектілігі мен жоғары деңгейі конфессияаралық форум өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасының жүзеге асуының даусыз табысына айналды. Діндер диалогы І Съездің тұжырымдамалық идеясы және дау-дамайды шешу тәсілі ретінде дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынастардағы күш көрсету мен террор әдістеріне қарсы қойылды. Съезге қатысушылар арасында бүгінгі әлемдегі діннің рөлі және кез келген діннің негізгі моральдық құндылықтарының жалпыадамзаттық сипаты жөнінде ашық пікірлесу өтті.
Ал Құранда: «Дінде зорлық жоқ» («Бақара» сүресі, 256-аят) делінген. Бұл аят – дінге сенім мен қабылдаудың ерікті түрде болу керектігін білдіреді. Яғни, ислам басқа дін өкілдерін күшпен мұсылман етуге рұқсат бермейді. Бұл – дін бостандығына деген үлкен құрметтің айғағы.
Саяси және мәдени толеранттылық – Ислам мемлекеттерінің тарихында өзге ұлттар мен діндер өкілдеріне тең мүмкіндіктер берілген. Олардың білім алуына, сауда-саттық жасауына, мәдениетін дамытуына кедергі болмаған. Мұсылман халифаттарының гүлденген дәуірінде ғылым мен Саяси және мәдени толеранттылық – Ислам мемлекеттерінің тарихында өзге ұлттар мен діндер өкілдеріне тең мүмкіндіктер берілген. Олардың білім алуына, сауда-саттық жасауына, мәдениетін дамытуына кедергі болмаған.
Қорытындылай келе ислам діні – адам баласының ар-ожданына, сенім бостандығына, ұлт пен дінге қарамастан әркімнің қадір-қасиетіне терең мән беретін ең бейбіт әрі толерантты діндердің бірі. Толеранттылық – тек өзге дін өкілдеріне төзімділік таныту ғана емес, бірлік пен ынтымақты сақтау, адамзатқа ортақ құндылықтарға құрметпен қарау. Бүгінгі заманда ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім – кез келген елдің тұрақты дамуының негізі.
Сондықтан исламдағы толеранттылық қағидаттары – қоғамдағы бейбітшілік пен рухани үйлесімнің кепілі. Жас ұрпақ осы асыл құндылықтарды бойына сіңіріп өскенде ғана, елдің болашағы жарқын, іргесі берік болмақ.
 
 
Ә.Болат
 

Түркістан облысының дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ– нің

Мақтаарал, Жетісай ауданындағы бөлімінің маманы                           

0 пікір