«Хабаши» жамағатының қауіптілігі
«Хабаши» жамағатының қауіптілігі
26.01.2021
826
0

Ислам тарихындағы мұсылмандар арасында әр түрлі заман талабына сай мәселелерге қатысты қарама-қайшылықтарға байланысты ағымдар да қоғамда бой көрсетіп, пайда бола бастады. Пайда болған діни ағымдарға ғалымдар түрлі көзқараста болған. Бұл ағымдар соңғы жылдары діни ұстанымға қарағанда саяси мәселелерге басымдық беруде. Осындай ағымдардың бірі-ХХ ғасырда дінмен саясатты ұстанымының негізгі қайнар көздері ретінде қабылдайтын «Хабаши» немесе «Ахбаш» жамағаты. Енді бұл топтың негізін қалаушы кім, мақсаты мен сенімдегі қателіктері қандай? Осы сауалдарға жауап берсек.

Бұл жамағаттың негізін қалаушы Эфиопиалық Абдулла Әл Хабаши. Жолын ұстану әл-Хабаши өзінің құрған құрылымын қысқаша «Мәшәғирун» деп атаған. Абулла әл-Хабаши өзін әһли сүнетте, амалда имам Шафиғи мазһабын, ақидада Әшғари сенім мектебін ұстанатындығын білдірген.

Хабаши жамағатының мақсаты барлық саяси ағымдарға қарсылық білдіру. Әсіресе, неосәләфилік идеологияны ұстанушыларға, мұсылман бауырлар, ат-такфируәл-хиджра секілді тағы басқа діни ағымдарға қарсы шыққан. Ахбаш жамағаты өздерін әһли сүннет жамағатынанбыз деп айтқанымен, сенімде сопылық және шиіттік ұстанымдарды да қолдайтыны жайында ғұламалардың еңбектерінде баяндалған. Мысалы, Абдулла әл-Хабаши өзінің «Ас-сиротул мустақим» атты еңбегінде ибн Таймия немесе Мұхаммед ибн Абдуллуаһабтың жолын ұстанушыларды кәпір десе, ал «Жәмәл» және «Сыффын» соғыстарында Айшаны (р.а) басқа да сахабаларды  Әлиге (р.а) қарсы келді (дүние үшін) деп пасық үкімін береді[1]. Хабашилердің такфирлік көзқарастарын  Абдулла әл-Хабашидің «Сыротул мустақим фит таухид» атты еңбегінен байқауға болады. Аталған кітапта мұташабиһ (ұқсас мағыналы) аяттарды сыртқы мағынасында түсінушілерге қатысты такфир үкімі шығарылған. Мұндай қатал пікірлер (үкімдер) жамағат мүшелерінің радикалдануына айқын дәлел. Сондай-ақ, бұл топтың ақылға қонымсыз, жаңсақ пәтуаларын еңбектерінен кездестіруге болады. Мысалы, «Хабашилердің көзқарасынша материалдық жағдайы төмен мұсылманға лоторея ойынын ойнауға болады. Бай мұсылманға болмайды. Бүлік шықпайтын болса, өзге діндегілердің дүние-мүлкін ұрлауға болады. Доллармен жиналған ақшаның зекеті жоқ. Зекет тек күміс пен алтыннан беріледі»[2] - деген ислам шариғатына қайшы келетін үкімдер берген.

Бүгінгі қоғамда белең алып жатқан «Хизбут-тахрир», псевдосәләфилік идеология, «Мұсылман бауырлар», «Тәкфир уәл хиджра» секілді ағымдардың көзқарасын ұстанушы тұлғаларға Xабашилер «такфир» үкімін жариялаған. «Адамды діннен шығарып үкім беруші тек Алла», - деген мазһаб ғұламаларының сөзіне сүйенсек, бұл Aхбаш жамағаты Шафиғи мазһабын немесе одан өзге се одан өзге үш мазһабтың сенімін ұстанбайтынына көз жеткіземіз.

Ахбаш жамағатын насихаттаушылар қaзіргі таңда Египет, Ливия, Йемен және Ливан секілді араб елдеріндегі діни оқу орындарында дәрістер жүргізетіндігі белгілі. Сондықтан, жерлестеріміз Хабашилік идеялардан сақ болып, діни білімді шет елде емес, еліміздегі жоғарғы діни оқу орындарында алғаны абзал.

Қорыта келе айтатынымыз дәстүр мен тарихы бөлек ортада пайда болып сан ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрлі дінде бөлінушілікке алып баратын бұл ағым, бірлігі жарасқан елімізде бүлік шығармастығына  кім кепіл?!

 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

бөлім басшысы        М.Мұстафаев

 



[1]«Сиротул мустақим фит таухид” Каир 2002 жыл.

[2] https://kazislam.kz/

0 пікір