Ғаламтордағы радикалды идеологияға қалай қарсы тұрамыз?
Ғаламтордағы радикалды идеологияға қалай қарсы тұрамыз?
03.08.2023
897
0

Ғаламтор - адамзаттың ең үлкен жетістігі, адамдар оны қолдану арқылы өте алыс қашықтықты бағындырып, басқа елдер мен құрлықтармен еркін байланыс құра алады. Ғаламторды дін саласындағы отандық ғалымдар мен сарапшылар, ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлер де өз жұмыстары барысында жеткілікті деңгейде қолданып, діни ақпараттарды насихаттауға қолдануда.

Ақпаратты пайдалану әлемдік рейтингтері бойынша Қазақстанның орны бірқатар алдыға жылжыған. Ғаламтор желісін күнделікті пайдалану көрсеткіштері даму үрдістеріне байланысты деструктивті діни ағымдар да қатардан қалмау тәсілімен ғаламтордағы арбау шараларын атқаруда. Ғаламтордағы көпшілікке танымал бейнехостингтер, әлеуметтік желілерде, ақпараттық мессенджерлерде деструктивті ағымдар идеологияларын таратуға тырысуда. Дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді.

Ғаламтор желісімен таратылатын радикалды бағыттағы діни идеологиялардың көздейтін – халыққа белгілі бір сенімдерді ұялату және өз ұйымдарына мүмкіндігінше көп пікірлес адамдарды тарту. Қазіргі ақпараттық қоғамда ұйымдар үшін әлеуметтік желілер арқылы насихат жұмысын жүргізу тиімді болып отыр. Деструктивті діни ұйымдар идеологияларын тарату мақсатында танымал «В Контакте», «YouTube», «Facebook», «Instagram», «TikTok» желілерін көп қолданады. Бүгінгі таңда радикалды діни топтардың түрлі айла әдістерді қолдану арқылы отандастарымызды өз қатарларына тарту фактілері аз емес. Әсіресе, жастарға ықпал ету мақсатында ғаламтор желілер арқылы экстремистік және террористік идеяларды насихаттайтын бейне роликтерді, әдебиеттерді тарату мен насихаттау орын алып отырғанын көріп отырмыз. Радикалды діни ағымдардың салдарынан азаматтардың мемлекетке деген әлеуметтік сенім деңгейі төмендеу, отансүйгіштік сезімі мен төзімділік принциптері құнсыздану, отбасына іріткі салыну, қоғамның жікке бөліну қаупі туындауда. Радикалды экстремистік идеологиялардың ықпалындағы діни ағым өкілдері қоғам мен мемлекетке қарсы зорлық-зомбылық актілерін ұйымдастыруға жүзеге асыруға дайын болатыны белгілі. Оған әлемнің әр жерінде орын алып отырған радикалды діни ағымдар өкілдерінің қылмыстық іске баруы және лаңкестік әрекеттері дәлел. Дін жолында адасқан адамды қайта тура жолға салу өте қиын.

         «Виртуалды Халифат» деген ұғым қалыптасып келеді. Бұл «Виртуалды» қоғамда өмір сүретін адамдар шариғатпен емес, әлеуметтік желілердің жазылмаған заңдылықтарымен жүреді. Сондықтан бүгінгі таңда ақпараттық қауiпсіздік күн тәртібіндегі ең бiр өзекті мәселеге айналып отыр. Деструктивті діни ағымдардың идеологтары ұсынатын контенттер өте әсерлі, қысқа, түсінікті әр түрлі форматта болып келеді. ЛГБТ-ға қатысты толеранттылыққа деген мақсатта астыртын ол қауымды да өз ұйымына кіргізуде. Осыдан-ақ террористік ұйымдардың қандай жоспарда, қалай жұмыс жасайтынына мән берсек екен. 

Мұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде ғаламтор желісін ерекше бақылауға алу қазіргі таңда ең өзекті мәселеге айналып отыр. Мұндай құрбандыққа ұшыраудың басты себебі діни сауатсыздық деуімізге болады. Бұл жерде жасалатын нәрсе - осындай экстремистік және террористік идеологияны насихаттаушылардың негізгі ниетін зиянды әрекеттерін әшкерелейтін ақпараттарды осы ғаламтор бетінде дер кезінде, белсенді түрде таратып отыру. Радикалды идеологияның қаупі туралы ғаламтор ақпараттарын, теле, радио бағдарламаларды көптеп шығаруға баса мән берілуі тиіс. Бұл ақпараттар мен бағдарламаларда ислам дінінің соғыс пен қантөгіске жол бермейтіндігі, терроризм мен діннің бір-біріне жат ұғымдар екендігі насихатталуы керек.

Діни мәліметті, қажетті пәтуәні іздеген әрбір азамат мүмкіндігінше шетелдік ғаламтор сайттарын пайдаланбауға тырысып, Дін істері комитетінің жобасы аясында жұмыс істейтін kaz-islam.kz, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттары muftyat.kz, fatua.kz, azan.kz, muslim.kz, ummet.kz және т.б. секілді еліміздегі сенімді сайттарға жүгінгені жөн.

 

Б.Абдрахман

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

теолог маманы                                                                                  

0 пікір