Діни сауаттылық заман талабы
Діни сауаттылық заман талабы
26.02.2026
164
0

Қазақ халқы «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» дейді. Бүгінде елімізде мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты айқындаушы саланың бірі –  рухани, құлықтық, патриоттық білім беру мен тәрбие. Қай сала болсын, ондағы мәселелердің шешімі тек сауаттылықта жатқандығы анық. Ұлттың бүгіні мен келешегі  – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады.

Бүгінгі таңда жастардың көз алдында дін рухани-құлықтық идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отыр. Діни сауаттылық – қоғамның рухани және мәдени дамуының негізі. Бүгінгі күні ақпараттық технологиялардың дамуы, жаһандану мен мәдени алмасулар дәуірінде діни сауаттылықтың маңызы артып келеді. Ол адамдарға діннің мәнін, құндылықтарын және нормаларын түсінуге, сондай-ақ қоғамдағы діни толеранттылықты арттыруға көмектеседі.

Діни сауаттылықтың маңызы төзімділік пен құрмет діни сауаттылық адамдардың бір-біріне, түрлі діндерге деген құрметін арттырады. Бұл қоғамда тыныштық пен келісімді нығайтуға ықпал етеді. Радикализацияның алдын алу жастардың радикализацияға ұшырау қаупін төмендету үшін діни сауаттылықты арттыру қажет. Діни білім беру жастарға діннің теріс пайдаланылатынын түсінуге мүмкіндік береді. Кеңестік дүниетаным діни сауаттылық адамдарға дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен жаңаша көзқарастарды үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл мәдени және рухани байлықты сақтау үшін маңызды.

Діни сауаттылықты арттыру жолдары білім беру бағдарламалары мектептер мен жоғары оқу орындарында діни сауаттылыққа бағытталған курстар енгізу. Бұл жастардың дін туралы ғылыми және сындарлы көзқарас қалыптастыруына көмектеседі.  Қоғамдық шаралар діни сауаттылықты арттыруға арналған семинарлар, тренингтер, конференциялар ұйымдастыру. Әсіресе, жастар арасында бұл шаралар тиімді. Медиа рөлі БАҚ-тың діни сауаттылықты насихаттаудағы рөлін арттыру. Мақалалар, бағдарламалар және деректі фильмдер арқылы қоғамды ақпараттандыру.

Діни сауаттылық – заман талабы. Ол қоғамның тұрақтылығы мен дамуына, адамдардың бір-біріне құрметпен қарауына ықпал етеді. Білім беру, қоғамдық шаралар және медиа арқылы діни сауаттылықты арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Тек осылай ғана біз діни төзімділік пен әлеуметтік келісімді нығайта аламыз.

Жастарымызды теріс діни идеологиядан сақтандыру жолдарының бірі ол – діни сауаттылықты арттырумен қатар, отбасы институтын жетілдіру. Жастарымыз дәстүрлі емес ағымдардың арасында адасып жүрсе, елдің болашағы не болмақ? және сол ағымдарда жүрген жастарымыздан олардың ұрпақтарынан қандай азамат шығатындығы айтпаса да түсінікті. Сондықтан,бұл олқылықтың алдын алу үшін, ең біріншіден әр ата-ана өзін, одан кейін баласын жастайынан жетілдіріп, дұрыс адами қасиеттерді бойына сіңдіре білу қажет. Бала кезден дұрыс тәлім-тәрбие ала білген жасөспірім, болашақта отансүйгіш, елжанды азамат болары сөзсіз.

Қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалын ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау – бүгінгі күннің басты мәселесі.

 

 Б.Абдрахман   

 

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің 

теолог маманы                                                                              

 

0 пікір