Діни сауатсыздық рухани тоқырауға әкеледі
Діни сауатсыздық рухани тоқырауға әкеледі
24.01.2025
262
0

          Қоғамда адамдардың діни сенімдер мен ұстанымдарын дұрыс түсінбеуі, діни сауатсыздықтың салдарынан түрлі мәселелер туындауы мүмкін.

         Діни сауатсыздық – бұл  адамның өзінің дінін, оның негізгі қағидаларын, тарихын және рухани маңызын терең түсінбеуі. Сонымен қатар, діни сауатсыздық адамның басқа діндер мен конфессиялар туралы дұрыс көзқараста  болмауын да қамтиды.

         Діни сауатсыздықтың салдарынан адамдар діни түсініктерді бұрмалау арқылы әртүрлі діни ағымдардың әсерінен өздерінің діни ұстанымдарын дұрыс түсінбей, теріс пікірлер мен радикалды көзқарастарға бой алдыруда. Мұндай жағдайларда қоғамда діни алауыздықтар туындайды. Сондықтан, діни білімнің болмауы адамның діни сенімдеріне зиян келтіруі мүмкін.

        Діни сауатсыздық адамның рухани құндылықтарға деген қызығушылығын жоғалтуына себеп болуы мүмкін. Қоғамның рухани дамуы діни құндылықтарға, моральдік қағидаларға, адамгершілік нормаларына сүйенгенде ғана мүмкін болады. Егер адам діни білімнен ажыратылса, ол өмірдің мәнін, қоғамдағы адамның рөлін және моральдық жауапкершілікті терең түсінбеуі мүмкін. Мұндай жағдай адамды рухани тұрғыда кедейлендіріп, өмірдің мәнін жоғалтуға әкеледі.

        Діни сауатсыздық қоғамда әлеуметтік тұрақсыздықты арттырады. Себебі, дұрыс діни білім алған адам бір-бірімен дүрыс мәмле мен бейбітшілікте өмір сүруге ұмтылады. Ал діни сауатсыздық адамдарды қате түсініктерге негізделген әрекеттерге итермелеуі мүмкін, бұл қоғамдағы қақтығыстарды тудыруы ықтимал. Діни сауатсыздықтың нәтижесінде адамның діни сенімдері фанатизмге немесе радикализмге айналады. Бұл адамдар өздерінің діни сенімдеріне тым көп беріліп, олардың айналасындағыларды жек көрушілік көзқараспен қарайды. Көп адамдар дін туралы аз ғана ақпарат алады, терең зерттемейді. Бұл әсіресе ауылдық жерлерде байқалады, онда діни білім беретін медреселер мен  діни сауат ашу курстардың жоқтығы, жастардың діни сауаттылығын арттыруға кедергі келтіреді. Кейбір діндерде немесе бағыттарда догматизм басым болуы мүмкін, бұл адамдардың өз діндерін терең түсінуіне жол бермейді. Діни догматизм адамдардың сыни ойлау қабілетін тежейді, нәтижесінде олар шектен тыс радикализацияға ұшырауы мүмкін.

         Қазіргі уақытта  әлеуметтік желілерде діни ақпараттың көп болуы, оның ішінде жалған мәліметтер мен экстремистік идеологиялар да бар. Бұл адамдардың дінге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруына кедергі келтіреді.

        Діни сауатсыздық рухани тоқырауға әкеледі, себебі адам өзінің ішкі дүниесін, моральдық құндылықтарын және өмірдің мәнін түсінбейді.

        Нәтижесінде, адамдар арасындағы қарым-қатынастар нашарлайды, қоғамда түсініспеушіліктер мен араздықтар пайда болады.Діни сауатсыздық, әсіресе жастар арасында, экстремистік идеологияларға ұрынуға себеп болады. Олар теріс ақпаратқа сеніп, дінді бұрмалап түсінуге бейім болады, бұл қоғамдағы тұрақсыздықты тудырады.Ұлттық мәдениет пен дәстүрдің жоғалуына әкеледі. Адамдар діннің мәдениетпен байланысын түсінбегендіктен, ұлттық құндылықтарды жоғалтып алуыда мүмкін.

Діни сауаттылықты арттыру үшін қоғамда діни ақпаратты дұрыс тарату маңызды, теріс идеологияларға қарсы тұру үшін түрлі деңгейде семинарлар, тренингтер ұйымдастыру керек. Әр түрлі діндер арасында диалог орнату, түсіністік пен төзімділікті қалыптастыруға пайласын береді. Қоғамдағы діндер арасындағы түсініспеушіліктерді жоюға көмектеседі.

Діни тұрақтылықты арттыру үшін, әр азаматқа діндер туралы толық және дұрыс ақпарат берілуі қажет. Діни білім беру жүйесі жеке тұлғаның төзімділік, өзара құрмет және бейбіт өмір сүру дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мемлекетте діндер мен конфессиялар арасындағы теңдікті сақтауға және барлық азаматтардың діни сенімдеріне құрмет көрсетуге бағытталған саясат жүргізуде.

         Әртүрлі діндер мен мәдениет өкілдері арасындағы диалогтық алаңдар мен кездесулер діни тұрақтылықты нығайтуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Діни экстремизм мен радикализмге қарсы жүйелі жұмыстар жүргізу, жастар арасында радикалды идеологиялардың таралуына жол бермеу тұрақтылықтың маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Әртүрлі діндердің өкілдері арасындағы түсіністік пен құрмет қоғамның тыныш өмір сүріп, дамытуына мүмкіндік береді.

          Қорыта келе діни сауатсыздық рухани тоқыраудың негізгі себептерінің бірі болып табылады. Сондықтан, діни білім мен сауаттылықты арттыру – біздің міндетіміз. Ал діни сауаттылықты арттыру арқылы біз рухани байлықты, моральдық тұрақтылықты қалыптастыруға және қоғамдағы тыныштықты сақтауға мүмкіндік аламыз.

          Сондықтан, әрбір адам діни білімін арттыруға, діни тұрғыда сауатты болуға ұмтылуы маңызды. Әрбір адам өз дінін жақсы білуі қажет, бірақ сол уақытта басқа діндер мен мәдениеттерді де құрметтеп, жалпы қоғамның рухани дамуына өз үлесін қосуы тиіс.

 

 

 

            Ж.Битанов

           Түркістан облысы дін істері басқармасының

          «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

          Сайрам ауданындағы теолог маманы                                                           

 

0 пікір