Діни оқу орнын дұрыс таңда жас түлек
Діни оқу орнын дұрыс таңда жас түлек
23.05.2025
468
0

2024-2025 оқу жылының дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Ресми мәліметке сәйкес еліміз бойынша биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. 217 мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді. Осылайша барлығы бір саласының болашақ маманына айналады. 217 мың түлектің ішінде елімізде тапшы сала дін саласынының да болашақ мамандары бары мүмкін. 2024 жылы дінтану теология саласына мемлекет тарапынан 270 грант бөлініпті. Биыл да біршама грант бөлінетіні белгілі. Бірақ сол жастарға діни оқу орнын дұрыс таңдаса екен дейміз. Себебі діни ахуал күрделі болып тұрған заманда кім көрінгеннің сабағына қатысу өз өміріңе балта шабумен тең іс. Елімізде түрлі діни жамағаттар бар. Қайырымдылық қоры есебінде ашылып ішінде заңсыз діни дәрістер өткізіліп жатқандары да баршылық.

Бұл діни жамағаттарға ортақ бір нәрсе бар. Ол жастарға жатын жер мен ыстық тамақтың тегін болуы. Кез-келген студент үшін басты мәселе оқу орнынан жатақхана алу. Орын саны барлығына жетпесі анық. Ал қол жеткізе алмаған студенттер қайда бармақ. Жоғарыда жазған діни жамағаттардың жатын жерін паналайтындығы белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «исламтану» мамандығы бойынша 3 жыл білім беретін 9 медресе колледж жұмыс істеп тұр: «Сарыағаш» медресе-колледжі, «Шымкент» медресе-колледжі,  «Астана» медресе-колледжі, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі, «Һибаттулла Тарази» медресе-колледжі, «Үшқоңыр» медресе-колледжі, «Әбу Ханифа» медресе-колледжі, «Орал» медресе-колледжі, «Ақтөбе» медресе-колледждері бар. Шетелдегі діни білім беретін ұйымдармен тәжірибе алмасып, тығыз жұмыс жасайды. Бұл колледжді бітіру арқылы дін саласынының маманы деген арнайы куәлік алып шығуға болады және еліміздегі кез-келген мешітте имам қызметін атқара алады. Еліміздің азаматтары мен кәсіпкерлері өзіміздің муфтиятқа қарасты медреселерді қаржыландырғаны жөн болар еді. Сондай-ақ дінді ғылыми-академиялық тұрғыда зерттеп тануға да баса мән берілген.

Елімізде дін саласындағы мамандарды дайындау мақсатында ЖОО – лар ашылып өз деңгейінде жұмыс жасап жатыр. Тек бакалавр ғана емес, магистратура мен докторантура деңгейінде білім беретін жоғары оқу орындары бар. Қазіргі таңда Қазақстанда теологиялық білім беретін оқу ордалары мен сауатты мамандар жеткілікті. Олардың саны да, сапасы да артып келеді. Алғаш құрылған 2000 жылдан қазіргі кезге дейін Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университеті елдің белді діни оқу ордасына айналып үлгерді. Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Теология» факультеті ашылып, онда теология, исламтану және дінтану саласында сапалы мамандарды  даярлап келеді

Сонымен қатар, зайырлы білім берудің бөлігі ретінде еліміздегі жоғары оқу орнында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ және Ө.Жәнібеков атындағы Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті дінтанушы мамандар әзірлеуде. Бұл университеттерде жоғары білікті мамандар, профессор дәрежесін алған ғалымдар, докторлар мен магистрлер аз емес. Олар «Дінтану», «Исламтану», «Теология» мамандықтары бойынша оқытады. Ал елімізде емес шетелде оқимын деген талапкерлер үшін де елімізде қолайлы жағдай қарастырылған.

Студент үшін бірінші мәселе жатақхана. 2024 жылғы мәлімет бойынша елімізде 264 жатақхана бар. Орын саны 93 мыңнан асады. Әрине барлығына бірдей жетпесе де ішінара қол жеткізуге болады. Президенттің тапсырмасы аясында 2026 жылға дейін бүкіл ел бойынша студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Республикада жыл соңына дейін 10 мың орынға есептелген тағы 26 жатақхана пайдалануға беріледі.

Шетелде діни білімін жалғастыру мақсатында таңдалған бірнеше теологиялық оқу орындарын ұсына аламыз. Олар, Египет Араб Республикасы Каир қаласындағы – «Әл-Азхар» университеті, Түркия Республикасы, Стамбул қаласындағы – Стамбул университеті, Мармара университеті, Хасеки институты, Анкара қаласындағы – Анкара университеті, Кония қаласындағы – Селжук университеті, Малайзиядағы – Малайзия Халықаралық ислам университеті, Ресей Федерациясындағы – Мәскеу ислам университеті, Ресей Ислам институты және Өзбекстан Республикасындағы – Ташкент ислам университеті.

Қорытындылай келе айтпағымыз дін ұстай алсай қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің дегендей дінді тек қана сенімді оқу орындарынан алған дұрыс. Көрінгеннің етегінен ұстап, көлденең көк аттының артынан еріп көзді еріксіз жұма салып үйренуге болмайтындығын қазір көріп жүрміз. Ал дінді көшедегі жолаушыдан үйренсек соңы опық жеумен аяқталмақ. Сол үшін де еліміздің азаматтары саналы түрде ойланып шешім қабылдауы керек.

 

 Қ.Қосмаханов     

   

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

теолог  маманы                                                                           

0 пікір