Діни фанатизм
Діни фанатизм
27.06.2022
1090
0

Қазақ деген қарға тамырлы халықтың дінге деген көзқарасы ертеден байыпты ұстанымда болған. Ата-бабамыз ұстанған жолда дін мен салт-дәстүр өзара үйлесім тауып, сабақтастық салтанат құрған. Тарғыл тарихтың сан тарам беттеріне көз тастасаңыз, Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр атырапта діни негіздегі қақтығыстардың болмағанын көресіз. Ал қазіргі күндері өз идеяларын абсолютті ақиқат ретінде санайтын дәстүрлі емес діни ағымдардың әсерінен діни негіздегі алалаушылық пен бөлінушілік көбейе түсті. Деструктивті діни ағымдардың теріс көзқарастағы идеяларының әсерінен Қазақстанның діни алаңында фанаттар қатары пайда болды.

Діни фанатизм – бeлгілі бір діни қағидаларға баc ұрып, coған тәуeлді бoлуды білдірeді. Алғаш рeт фанатизм ұғымын катoлик eпиcкoпы, француз абcoлютизмнің баcты идeoлoгтарының бірі Ж.Бoccюэ (1627- 1704) eнгізді. Неміс философы К. Яcпeрcтің пікіріншe, фанат дeгeніміз өзін қандай да бір міндeткe арнаған жәнe көзі oдан баcқа eштeңeні көрмeйтін жан. Oл өз мақcатына жeту үшін бeйcаналы түрдe қoлында бардың бәрімeн тәуeкeл eтугe даяр.

Фанатизм деген өте қауіпті жазылмас дерт екендігін өткен ғасырдағы ұлттық фанатизм дертімен ауырған фашистік германияның тағдыры анық көрсетіп берген еді. Жалпы, нәсілдік, ұлттық немесе діни фанатизм болмасын, қайсысы да оңып тұрған жоқ. Олардың бәріне ортақ қасиет – бізден артық ешкім жоқ, басқаларын таптап езу, құрту керек деген астамшылық пиғылдың болуы. Фанатизм – ислам дініне жат әрі қабылданбайтын сипат. Құрандағы бірқатар аяттар мен хадистер ислам дінін ұстанушы мұсылманды ағымдардың тар шеңберінде шектеліп қалмай, кең көзқараста болуды, айналасындағы құбылыстарды зерттеп, Құдайдың құдыретін тануға үндейді. Алайда, бұл ақиқаттарды тану үшін белгілі діни білім қажет. Өкінішке орай, тәңір мен сенім туралы білімді аңсап, ізденген отандастарымызды тура жолдан экстремистік бағытты насихаттайтын топтар өкілдері тайдыруды көздеуде. Ислам дінінде де өткен ғасырдан бастау алған діни фанатизм дерті діннің негізін құртып, бейбітшілік пен қайрымдылықтан бастау алған ислам дінін қатыгездік пен тәкаппарлық, өктемдік, дөрекілік, нәпсіқұмарлық, ашкөздік сияқты жаман әдеттердің ошағына айналдырып жіберді. Діни фанат өзі ұcтанған діннің нoрмаларына қайшы кeлeтін пікірлeр мeн ұcтанымдардың кeз кeлгeнінe төзімcіздік көрceтeді. Oл агрeccиялы эмoцияға бeріліп, өз идeяcын қoрғау үшін пcихoлoгиялық күрecкe түceді. Діни фанатизмгe бoй алдырған азаматтардың көзқараcы мeмлeкeттің мүддecінe, ұлттық cана-ceзімгe қарама-қайшы кeлeді. Өз өмірлeрінeн патриотизмді, cаяcи бeлceнділікті ыcырып, деструктивті діни идеяларды нeгізгі құндылыққа айналдырады. Мәселен, ДАИШ ұйымы жақтастары «Ислам мемлекетін орнатамыз» деген желеумен Сирия, Ирак аумағындағы қанды қырғын жүргізіп, сан мыңдаған адамның жарық дүниемен қоштасып, миллиондаған адамның отанын тастап, босып кетуіне себепкер болды. ДАИШ мұнымен тоқтамай, Сирия, Ирак аумағындағы ежелгі өркениет ескерткіштерін де қиратып, вандалдық әрекеттерге барды. 

Қоғамда кездесетін діни фанатизмнің ең қауіпті жағы – радикалды әрі агрессиялық пікірде бекем тұрып, өзгелердің көзқарасын жоққа шығарып, қабылдамау. Мысалы, соңғы уақытта елді үрейлендірген «ұлы жихад» (үлкен күрес) терминін діни тұрғыдан жастарымызға деструктивті ағымдарда «қолға қару алып немесе өзін-өзі жару арқылы жасалатын күрес» деп түсіндірлсе, фанатизммен іске кіріскендерді дін мамандарына тоқтату қиындықа соғады. Тіпті, шариғаттың негізі болған Құран мен хадистен дәлел келтіріп, ұстанған сенімдері қате, шынында үлкен күрес олардың ойлағандарындай емес, керсінше, «өз нәпсіңмен күресу» екендігін сендіру оңайлыққа соқпайды. Өйткені, әуелден ақиқаттан хабары жоқтарға бұл жалған ой әбден насихатталып, миларына сіңіп қоймай қана, бұрмаланып фанатизмге айналдырылған.

Қорытындылай келсем, діни фанатизм тек біздің еліміз үшін ғана қауіпті құбылыс емес. Дін фанатизм кез келген айрандай ұйып отырған елдің ойранын шығарып, араға жік туғызып кетуі әбден мүмкін. Ал діни фанатизмге жеткізетін ол сол азаматтың діни сауаттылығының жетіспеушілігі нәтижесі. Менің ойымша, егер діни жат ағымдардың пайда болуына діни фанатизм әсер етсе, ал діни фанатизмге адам баласының діни дүмшелігі, яғни діни сауатсыздығы себеп болып отыр. Бұдан шығатын қорытынды дін ұстанушылар сол дін туралы сауатты білім ала білу керек. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болғандықтан, дінге шектеу жоқ. Сол себепті де қазіргі жастарымыздың жат ағымға түсіп кетпеуі мақсатында елімізде көптеген шаралар жүргізіліп жатыр. Бірақ не дегенімен де, бұның бәрі әр адамның өз санасына байланысты. Әрбір азаматтың діни сауаттылығы жеткілікті болса, әр-бір істі ой елегінен өткізіп жасаса еліміз тыныш, жұртымыз аман болады деген ойдамын.

 

Б.Абдрахман

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы 

                                           

 

0 пікір