Діни білімді өз елімізде алуға мүмкіндік бар
Діни білімді өз елімізде алуға мүмкіндік бар
14.05.2020
1098
0

Тәуелсіздігіміздің басында рухани азыққа құлдыраған көптеген азаматтар шет елдердің діни оқу орындарында білім алуды құптады. Неге сол кезде қазақстандықтар діни білімді шетелдерден алуға қызықты?

Әрине өзге мемлекетке саяхаттау кімді болсада еліктірді және жетпіс жыл бойы жабулы тұрған қазанның қақпағы ашылды десек болады. КСРО ыдырағаннан кейін шетелдермен белсенді түрде өзара байланыс басталды. Қазақстан­дықтардың көп­­­­ші­­лігі өз балаларын түрлі шет­ел­­дік  оқу орындарына оқу­ға жі­бе­ру үрдісі басталды. Дегенмен, ата-аналар мен талапкерлер баратын елдерінің көбінде жағдай тұрақсыз екендігін ескермеді.

КСРО заманында этностық мұсылмандардың басым көпшілігі әзірбайжан-шииттерін қоспағанда, сунниттық бағытқа жататын. Кеңес өкіметі кезінде Қазақстан мұсылмандардың Ортаазиялық рухани басқармасының құрамына кірген. Сол уақытта мұсылмандық діни білімді тек Орта Азия аумағында ғана алуға болды. Кеңес одағында ресми түрде жалғыз медрессе Бухара қаласында ашылған еді. Бірақ ол медресседе қалаған адам оқи алмады. Бұрынғы Кеңес Одағының барлық аумағындағы халықтың бойында дінге деген қызығушылық айтарлықтай өсті. Сол арада қоғам мен дін арасында түсінбеушіліктер пайда болды. Себебі:

  • КСРО кезінде дін мен дәстүр сабақтастығы бұзылған еді.
  • Бұқара халық арасында діни сауатсыздардың қатары көбейді.
  • XX ғасырдың соңында  бұрынғы Кеңес Одағының барлық аумағында экономикалық және саяси өзгерістердің факторы қоғам өмірінің діни құрамдас бөлігіне тікелей әсерін тигізді.
  • Көптеген жаңа діни ағымдар пайда болды, мемлекет пен қоғам өміріндегі діннің рөлі туралы белсенді пікірталастар қарқынды жүрді.

Бұған қоса, әртүрлі жалған және деструктивті ұйымдардың қызметі ашық жүргізілді, олар басқа елдерден білім алу мақсатымен келген шетел азаматтары арқылы өз қа­та­р­ларын толықтыруды көз­деді. Осы идеологиялық қозғалыстардаң шыққандар Ислам негіздерінің қайнар бұлағы Араб түбектерінде және Таяу Шығыстағы мұсылман елдерінде сақталған деп  сол елдерге діни білім алуға ұмтылды.

Шетелге бару кезінде қазақстандық жастар төмендегідей қауіп-қатерлерге және  ерекшеліктерге тап болды.

Бірінші, өз бетімен шетелге діні білім алуға кеткендер  сол мемлекеттің діни білім беру жүйесі мүлдем басқа екенін ескермеді. Кез келген мұсылман елдеріндегі білім беру стандарттары, методикасы, мазмұны, сол жергілікті жердегі хужрада, жамағаттық,  тариқат не саяси ағым не партия ықпалындағы діни ағымдардың бағыттарымен үйретіледі. Өзге елдің діни білім беру жүйесі кез келген орталықтың арнайы білім беру стандарттарынан бөлек болды. Бұл дегеніміз діни тәжірибесі, салты әрі әлеуметтік психологиялық қалыптасуы мүлдем бөлек орталықтар. Міне, шетелдердегі діни білім жүйесінің осы тұсы біздің елден барған діни білім алушы жастарымызға үлкен әсері мен ықпалын тигізді.

Екінші, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағылардың бағытымен емес, керісінше, өз еркімен кетіп, сол жақтағы күмәнді оқу орындарына түсіп қалған студенттер бес немесе одан да көп жыл өткен соң дүниетанымы құп өзгеріп кетудің негізгі бір себебі:

  1. Барған жерлестеріміздің артында қандай да бір басым дәстүрлі дініміздің фундаментінің болмауы
  2. Олардың білім алатын Ислам әлемі елдерінің ішкі қарама-қайшылықтарының мәнін ешкім ескертпеді және түсіндірмеді.

Жалпы жоғарыда көрсетілген мәселелерді ескерместен өзге елде діни білім үйреніп келген жастардың танымына қарасаңыз, олардың әлі күнге дейін дінді ғылыми тұрғыдан ой елегінен өткізудің байыбына бара алмайтынын, дін  мен шариғат, конституция мен шариғат, зайырлылық пен дін, діни тәжірибе мен діни сана арасын танымайтындықтарын байқауға болады.

Сонымен өзге елдің ментолитетін сіңірген азамат халқымызға жат діни ментолитет туралы түсініктерді қарапайым халыққа үйрете бастады. Ал, бұл дін саласында идеологиялық қақтығыстардың  шығуына себеп болды. Осылыйша дін үйренемін деп кетіп, олардың діни танымын, діни тәжірибесін, діни санасын өзімен қоса алып келіп жатты. Бұл дегеніміз, қазақтың ұлттық дәстүрлерін шегеріп тастап, шетелдерде алған діни танымы арқылы сол елдердің ұлттық мәдени құндылықтарын, діни тәжірибесін яғни басқа мәдениеттің тарихи жүріп өткен жолы мен құқықтық дүниетанымдық қабатын насихаттай бастады. Олар өзімен ғана шектелсе құба құп, бірақ олар ең дұрыс жол осы деп, дінге қызыққан отандастарымызды да адастырды.

 Сондықтан діни білім алу үшін өз еркімен және аяқасты шетелге барудың қажеті жоқ. Діни білімді өз елімізде алуға мүмкіншілік бар және жағдай жасалған. Еліміздің жастары қазіргі таңда дәстүрлі дінімізді дәріптеп жатқан бірнеше ресми отандық медрессе-колледждер, университетер бар. Бұлардың білім сапасы да шетелден кем емес. Қазақстандағы діни ордалар туралы мәліметтерді әлеуметтік желілерден біле аласыздар.

Келешекте діни біліміңізді шыңдау мақсатымен шетелдерде жалғастыру үшін бастапқы базалық діни білімді Қазақстанда алған жөн. Себебі астыртын түрлі мектептер мен курстарда білім алып, елге біздің құндылықтарымызға жат әрі радикалдық көзқарасымен оралуына байланысты заң жобасында Қазақстанда базалық діни жоғары білім алмағандарды шетке шығару шектелген. Сондықтан, ел азаматтары өздерінің болашақ білім алатын елін таңдау барысында сол мемлекеттің қоғамдық-саяси және діни ахуалы туралы ой түйіп, оның тарихын, мәдениетін, діні мен ділін біліп алғаны дұрыс.

Қорыта айтқанда қазіргі таңда біздің көптеген жастарымыз  шетелдегі діни орындарында білім алып жүр. Бірнеше жылдан бері Саудия және Мысырдың жоғарғы діни оқу орындарына оқуға қабылдаудың талаптары күшейтілген. Атап айтқанда, Саудияның жоғары діни оқу орындарына қабылдаудың жаңа тәртіптері белгіленіп, іске аса бастады. Осы тәртіпке сәйкес көрсетілген елдің оқу мекемелеріне тек Қазақстанның мемлекеттік оқу орындарының жолдауымен және діни органдарының ресми рұқсатымен ғана түсуге болады. Шет елдің діни оқуын бітіріп Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы және мемлекетаралық келісім негізінде  магистратура және доктарантура оқуын жалғастыруына болады. Осылайша өз елімізде білікті мамандардың біріне айналып елімізде туындаған діни мәселелердің шешімін табуға және радикалды топтардың алдын алуына септігін тигізеді. Дінтану мен теологиялық ілімдерді зерттеуге арнаған қазіргі жастарға өз елінде кәсіби білім алудың барлық мүмкіндіктері жасалған.

 

 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

маманы А.Дүйсен

0 пікір