Бүгінгі жастардың теріс ағымдардан қорғаны мықты ма?
Бүгінгі жастардың теріс ағымдардан қорғаны мықты ма?
23.02.2018
1689
0

Бүгінгі жастардың теріс ағымдардан қорғаны мықты ма?

Соңғы жылдары жастардың рухани дәстүрлерге, әсіресе дінге қызығушылығының артуы байқалады. Жастар арасындағы діни ағымдардың динамикасында айтарлықтай артуда байқалады. Социологиялық зерттеулердің деректері көрсеткендей, 2003 жылы жастардың «дін ұстанатындары» 38,7% болса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша - 73,9%. Яғни 10 жыл ішінде жастардың дінге бет бұру үлесі екі есе өсті.
Қазір біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде де, жастар мен кәмелетке толмағандардың деструктивті діни ұйымдарға белсенді қатысуының үрейлі үрдісі бар. Олар көбінесе, өз қатарларын күшті және қуатты адамдармен, жастармен толтырып жатыр. Жастардың санасын улау бағытындағы кітаптар, кітапшалар, ғаламтор сайттары мен әлеуметтік желілерде парақшалар көптеп ашылуда. Өкінішке қарай Қазақстанда да бұл үдеріс қарқынды жүріп жатыр. Деструктивті ұйымдардың белсенді әсер етуі нәтижесінде жастардың діни көзқарасы белгілі бір шиеленіске түсумен сипатталды.
Деструктивті діни ағымдардың қатарындағы жастардың өз халқының салт-дәстүрлері мен рухани мәдениетін жоққа шығарып, өздері тұратын қоғамға және мемлекеттің алдында қарсыласуға, зорлық-зомбылықты қоса алғанда, біздің еліміздің зайырлы сипатын өзгертуге болатыны туралы сөздер қозғап жүр. Мұның бәрі, басқаша айтқанда, қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал етеді. Осы ретте жастар арасында ағайынның татулығы, қонақ қадірлеу, достық-жолдастық қатынасты нығайту, атқа міну, домбыра тарту секілді ұлттық кодтарымызды жандандыру маңызды. Сондай-ақ, Тәуелсіздігіміздің алғашқы 20 жыл ішінде Қазақстан үшін дәстүрлі конфессиялардың объективті әлсіреуі  түрлі діни ұйымдардың шетелдік миссионерлерінің ағынының келуімен және түрлі шетелдік компаниялар арқылы  жойқын сипаттағы көптеген жалған діни ағымдардың кіріп келуімен байланысты. Осы ретте деструктивті діни ұйымдардың қызметі өсті және Қазақстан азаматтарының басын айналдыру әдістері одан әрі жетіліп жатқанын баса айту керек. Көптеген жағдайларда деструктивті діни қозғалыстардың табыстары жоғары деңгейдегі үгіт-насихаттық және баспа іс-шаралары, сондай-ақ қаржылық қолдаудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етіледі. Бұған тойтарыс беру үшін мемлекет тарапынан да эмоциялық қауқары мықты рухани материалдар жасап, қалың жұрт арасында тарату істерін көбейткен дұрыс. Жастар өздерінің жасына байланысты экстремистік және террористік идеяларға қарсы қорғансыз. Жастар максимализмі, әділдік пен жақсылық үшін күресуге деген ұмтылыс, әдетте, экстремистердің манипуляциясы үшін қолайлы психологиялық негіз бола бастайды, бұл жастарды шешімдер мен іс-әрекеттерде шектен шығуға мәжбүр етеді. Тағы бір мәселе, жастардың заңды және діни сауаттылығының төмен деңгейі. Жастар рухани және моральдық құндылықтарды іздестіруде және олардың өмір сүру негіздері қылмыстық элементтердің, соның ішінде халықаралық деңгейдегі идеологиялық желілерге шырмалып қалу қаупі өте жоғары. Жастарға діни ілімдердің мазмұнын түсіну және діни экстремизм идеологтарынан туындайтын барлық қауіптерді объективті бағалау қиын. Қорыта келгенде, елдің жарқын болашағы үшін жастардың діни тұрғыдан дұрыс бағытта өсіп жетілуі өте маңызды.

 

0 пікір