Бауыржан Момышұлы – ұлт рухын оятқан ұлы жауынгер
Бауыржан Момышұлы – ұлт рухын оятқан ұлы жауынгер
05.12.2025
416
0

Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының рухын көтерген ерекше тұлға, батыл әрі дана жауынгер. Ол Отан қорғаудағы ерлігімен ғана емес, ұлттық сана мен патриотизмді оятудағы орны бөлек. Момышұлының әскери шеберлігі мен жанқиярлығы ұрпақтарға үлгі болып, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтауға үлкен септігін тигізді. Ол 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Балалық шағы қарапайым еңбек адамдарының отбасында өтті. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі. 1921 жылы бастауыш класты оқуға Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932-1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарында қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. Туған ауылына қайтып оралып, бірнеше жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.

Бауыржан Момышұлы шебер қолбасшы ретінде жауынгерлік жолға түсті. Ол командалық қабілеті мен батылдығымен ерекшеленді. Қиын сәттерде өзінің тактикалық шешімдерімен жауынгерлерді жеңіске жетеледі. Бірнеше рет ауыр жарақаттан сауығып, қайтадан майданға оралды.

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы тек әскери ісімен шектелмей, қазақ халқының рухани-мәдени өміріне де белсене араласты. Ол өз тәжірибесі мен көрген-білгенін жастарға үйретуді басты мақсат етті. Оның  әскери тактикаға қатысты мақалалары мен естеліктері әскери оқу орындарында оқу құралы ретінде қолданылады. Сонымен қатар, ол өз шығармалары арқылы халықтың рухани дамуына ықпал етіп, туған елінің тарихында мәңгілік із қалдырды.  Бауыржан Момышұлының өмірі мен еңбегі – біздің ұлттық мақтанышымыз, әрі рухани байлығымыздың бір бөлшегі.

Бауыржан Момышұлының еңбектері ұлтты патриотизмге, адамгершілікке және еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Ол әрбір қазақ жастарына өз елінің болашағы үшін жауапкершілікпен қарауды насихаттады. Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін оқылып, талқылана береді.

Биыл халқымыздың қаһарман перзенті, Кеңес Одағының батыры, жазушы, әскери стратег Бауыржан Момышұлының дүниеге келгеніне 115 жыл толып отыр. Ол – тек соғыс даласында ғана емес, бейбіт өмірде де халқына адал қызмет еткен, рухани мұра қалдырған дара тұлға. Батыр бабамыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен батылдығы, жауынгерлік тәртібі мен әдіс-тәсілі кейінгі буын офицерлерге үлкен үлгі болды. Жазушы ретіндегі еңбектері де терең ойға, ұлт рухын оятар ұлағатты сөздерге толы.

Бауыржан Момышұлы ұлттың намысын ту етіп көтеріп, елдік пен ерлік жолында аянбай тер төкті. Оның «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет» деген сөзі бүгін де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Батырдың өмір жолы, ұстанымы, айтқан ойлары қазіргі жастарға – ұлтжандылық пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісі.

Бүгінгі күні елдің қорғаны болатын саналы, білімді, батыл ұрпақ тәрбиелеуде Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі мен мұралары ерекше орын алады. Ұлт тарихында өшпес із қалдырған ердің есімі әрдайым құрметпен аталып, болашақ ұрпақ санасында жаңғыра бермек.

Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының рухын оятқан ұлы тұлға. Ол тек соғыстың ғана емес, сонымен қатар бейбіт өмірдің де қаһарманы болды. Оның өмірі мен еңбектері ұрпаққа өнеге, ел болашағына бағдар болып табылады. Қазақ жастары оның тағылымына зер сала отырып, елін сүйетін азамат болып өсуі қажет. Момышұлының рухы мәңгі жасайды, оның ерлігі мен идеялары ұрпақ санасында өшпес мұра болып қала береді. Бұл ұлы тұлғаның есімі әрқашан жүректерімізде сақталып, оның ерлік пен патриотизм идеялары келешек ұрпаққа бағыт береді.

 

 Ұ.Тұрсын

 

Түркістан облысының дін істері басқармасының 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ-нің маманы                                                                          

0 пікір