Әлем бейбітшілікті қалайды
Әлем бейбітшілікті қалайды
11.03.2022
1620
0

Тарихтың талай қатпарларында болған түрлі қиян кескі соғыстарға әлем жұртшылығы куә. Соңғы XX ғасырда болған екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем басқаша кейіпке еніп адамзаттың ақыл ойы алға жылжып ғылым мен технологияда бір-бірімен бәсекелестікке  түскен заман туған еді. Бірақ «Араб көктемі» деп аталған қозғалыс күллі араб елдерінен бастау алып соңы «ДАЙШ» террористік ұйымының құрылуына алып келді. Нәтижесінде көптеген бейбіт азаматтардың өмірмен қоштасуына, жаңа туған сәбилермен жас-жеткіншектердің ес біле діни радикализм дертіне ұшырауына алып келді. Жат жерден бақыттың кілтін іздеп кеткендердің ішінде біздің отандастарымызда болғаны ақиқат. Ол азаматтармен әлі күнге дейін ақпартаттық түсіндіру жұмыстары облыс аумағында белсенді қызмет атқарып жатқан теолог мамандар тарапынан бір сәтке де болсын тоқтамауда. Тіпті соңғы «Қаңтар оқиғасы» деп аталған террористік шабуылдан соң түсіндіру жұмыстарын қайта жандандыру керек екендігі үкімет деңгейінде талқыланған болатын. Бұл оқиға еліміз үшін үлкен қасырет болды. Алдағы уақыттарда мұндай трагедиялар болмасын деп тілейік.         

Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің әлеуетін дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік - байлық» деп бекер айтпаса керекті. Бұқара халық әрдайым тыныштықты, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағының амандығы келешегінің кемелдігін білдіреді. Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілк үшін күресу қазіргі кездің өзінде ең өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жалпыадамзаттық құндылықтар қатарына қосып отыр.

.Бірақ соңғы күндерде орын алып жатқан жағдайлар әлем жұртшылығының назарын аударуда. Дегенмен осындай сәтте Қазақстанның бейтараптылық саясатын ұстағаны әлем көшбасшылары тарапынан құп көрілуде. Себебі қазақ халқы адамзатқа жасалған қылмыс пен жауыздық, қуғын-сүргін, аштық, лабароториялық зерттеулердің барлығын көріп келді. Мұндай жағдай екінші бір ұлттың басына тимесе екен деп тілейді. Бұл туралы Президент Қ.К.Тоқаев ескі «Нұр Отан» қазіргі аты «Аманат» партиясының кезектен тыс съезінде: «Өкінішке қарай, Минск келісімдері қағаз жүзінде қалды. Соның салдарынан Украина аумағында әскери операциялар жүріп жатыр. Геосаяси ахуал бұрын-соңды болмаған жағдайда шиеленісіп кетті. Бұл туралы бірнәрсе айту қиын. Сондықтан екі мемлекетті келіссөз үстелінде тіл табысып, келісімге келуге шақырамын. Басқа жол жоқ. Жақсы даудан, жаман татулық артық. Бейбітшілік болмаса, даму болмайды. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын» екендігін жеткізді.

Тіпті осыған байланысты мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Украина Президентімен телефон арқылы сөйлесіп қажет болған жағдайда гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екендігін жеткізді. Қазіргі таңда әлем тек тыныштықты ғана қалайды. Адамзат баласының ғылымда алға жылжуына жағдай жасайық. Ал ғылым мен технология бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған жерде ғана өркен жаймақ. Халқымызда «еліңнің басы бол, бола алмасаң сайындағы тасы бол» дегендей әрбір адам баласы саналы ғұмырында адамзаттың игілігі үшін ізденіп, еңбек етіп, бір қажетіне жараса игі қадам болмақ.     

 

 

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ

теолог маманы                                                                                Қ.Қосмаханов

0 пікір