Алаш идеясы – ұлттық ұстанымның негізі
Алаш идеясы – ұлттық ұстанымның негізі
23.06.2025
188
0
Жалпы Алаш партиясы туралы білмейтін қазақ баласы жоқ шығар. Соңғы кезде Алаш өкілдерінің қызметіне байланысты түрлі тарихи деректер мен құжаттардың жарияға шығуы бүгінгі күн ұрпаққа оларды жаңа қырынан танып, жадымызды жаңғыртып жатыр десек болады. Тәуелсіздігімізді алған жылдардан бастап ғалымдарымыз мұрағаттарды ақтарып, архивтерді аралап, тарихымыздың талай шындығын су бетіне шығарды. Бір топ ғалым ағаларымыз кейбір тарихи мәліметтерді жариялаудың қажеті қанша десе, басқа бір тарап шындық қашан да айтылуы тиіс, айтылмаса тарих бұрмаланады деген ұстанымда. Қазақстанда Алаш өкілдерінің қызметіне байланысты айтыс-тартыс көп болғанын білеміз. Алаш зиялылары туралы журналистер, саясаткерлер, блогерлер зырылдатып көп әңгімені дәлел-дәйексіз айтатындардың қарасы көбейді.
Негізі Алаш мұрасы әлі толық ашылып, зертеліп бітпеген дүние. Біршама Алаш қайраткерлерінің ісі әлі күнге дейін архивте жабық күйінде сақтаулы. Сондықтан Алаш мұрасы мен мұратын тану, Алаштың құндылығы хақында егжейлі толғам жасау әлі ерте. Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұраларын зерттеу процесі, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үрдісі жалғасуда.
Алаш партиясының құрылуына қандай қажеттілік болды? Зерттеушілердің дерегінше, Қазақ даласында патша өкіметінің отарлау саясаты, кейін Совет билігі жүргізген саяси репрессия кезіңі яқи XIX және XX ғасырда бүкіл әлемдік отаршылдыққа қарсы, ұлт-азаттық қозғалыс түрткі болды десек болады. Бұл қозғалыстар ұлттық идеяның қалануына негіз болды. Ресейдің боданында езілген халық оларға қарсы түрде өз реакциярын көрсетті. Алаш партиясының негізгі мақсаты ұлттық идея – елдің тәуелсіздігі еді. Тәуелсіздік жолында күресудің түрлі әдіс тәсілдері бар. Біріншісі – қарулы күрес. Екіншісі – саяси күрес. XIX ғасыр кезеңінде қазақ халқы ұлттық идеяны жандандыру үшін қарулы күресті таңдады. Түрлі ел-елдегі көтерілістер соның айғағы. Ұлттық идеяны жеке тұлға, көшбасшы ұсынуы мүмкін, ол ұсынысты халық қолдаса – ұлттық идеяға айналады. Алғашқы ұлттық идея «Зар заман» шығармасындағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) – қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. Исатай-Махамбет көтерілісі 1836–1838 жылдардағы шаруалар көтерілісі. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Кейін Сырым Датұлының бастаған, 1916 жылға дейінгі күрестердің барлығы дерлік қарулы күрестер. Бұл бастаған қарулы көтерілістер өз мақсатына жетпеді. Қазақтың туы құлады. Қарапайым тілде айтсақ, елдің сағы сынып, күдері үзілген болатын. Дәл осы кезде торғушылық процесі бой көтерді. Бұл психология халықтың жығылған рухын шыңдап, туын қайта көтерді.
Осындай заманда Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатұлы т.б. бастаған, қазақ ұлтының қаншама қайраткерлерін бір ту астына жиып, тәуелсіздікке жету жолында жаңа тәсілді алып келді. Бұл тәсіл – саяси күрес деп аталды. Ол үшін қазақ даласындағы саяси элитаның басын біріктіретін 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылды. Осыған байланысты «Қарқаралы» петициясы деген құжат бар. Он мыңнан аса адам қол қойған тарихи құжат. Бұл құжатта қазақтың елі, жері, діні, тілі, білім-ғылым мәселелері көтеріліп, өз наразылықтары жазылған. Бұл петиция отаршылдыққа қарсы саяси күрестің тәсілі болды. Алаш қайраткерлері: «Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық саяси ісін ұғынбаса, тезек теріп, тарих жолында артта қалады» - деп партияның бағдарламасын, мемлекет ретінде қалыптастыру стратегиясын айқындап берді.
Қазақтың тарихында өзіндік орны бар Алаш жетекшілері, қосшылары, ниеттестерінің атқарған еңбектері орасан зор. Алаш қайраткерлерінің басым көпшілігі алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, батыс ілімді сіңірген азаматтар еді. Олардың ортақ ұстанымы қоғамды ілгерілетуді, алға жылжытуды, өркениетті елді болуды ниетті болды. Өркениетті елге жету үшін батыс өркениетін сіңіру керек деген ұстанымды қолдады. Сөздің ашығында Алаш қозғалысын бастаған тұлғалардың көбі ақын, жазушы, журналист, мұғалім болатын. Уақыттың өзі саясат сақнасына шығарған тұлғалар желініп жатқан қазақ елінің һақысын, мүддесін қорғап, жері мен тілі үшін, болашағы үшін күресіп құрбан болды.
 
 
 А.Дүйсен
 

Түркістан облысының дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

бөлім маманы                                                                                

                                             

0 пікір