Ұлы даланың ұлы есімдері
Ұлы даланың ұлы есімдері
11.12.2020
5405
0

Адамзат қоғамының тарихында, ұлттың жадында шешуші рөлді ұлы тұлғалар атқарады. Қазақ тарихында  есімдері алтын әріппен жазылған «Ұлы тұлғалар» жетерлік. Ата-бабамыз дала бостандығын сүйе отырып,  тарихтың қатал кезеңдерінде салт-дәстүр мен тіл, дін, ділімізді жоғалтпай бізге сыйлады. Қазіргі тәуелсіз ел болуымыздың себепкері – Ұлы тұлғалар.

Қазақтың Ұлы Даласында әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар дүниеге келді. Олардың жүрегі «Қазақ» деп соқты. Мысалы, Бейбарыс сұлтанның өзі туған жерін сағынып, жүрегінің қанжылағаны бізге тарихтан мәлім. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашу арқылы қазіргі жастардың рухын көтеруге, жүректерінде патриоттық сезімдерін оятуға болады. Өткенді білмей, болашақты болжау қиын.

Осы орайда Елбасы мақаласын кеңінен талдау мақсатында жазушы, шежіреші, публицист. Әлем Халықтары Жазушылары Одағының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Момбек Әбдәкімұлымен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

- 2018 жылы 21 қарашада Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрген еді. Мақалаға деген ой пікіріңіз қалай?

- «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы уақытында жазылған дүние болды. Мақалада Ұлы Дала елінің бү­гін­гі мұрагері тәуелсіз, бірлігі мен берекелі тыныс-тіршілігі ұйысқан еліміздің әлемдік өркениетте ала­тын орны айқындалған. Қазақстан сан ғасырлық тарихтың ғана емес, әлемдік өркениет қазынасына енетін бай мәдени игіліктің иесі екендігін зерделеу, насихаттау аса маңызды міндет екені көрсетілген. Себебі, қым-қиғаш оқиғаларға то­лы жаһандық үдерістерде кез-келген ел мен мемлекеттің бүгінгі әлеуетін ғана емес, өткен замандар­дың даңқ­ты парақтарының мұра­герлері ре­тіндегі жағымды бейнесін де әлемге танытудың маңызы ерекше.

Онда бәріңізге белгілі екі бөлімнен тұрады. Екі бөлімнің өзі алты,  жеті тарауға бөлінген. Онда атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия сол сияқты тарихы сананы жаңғырту архив 20-25 деген тарауларға бөлініп кетеді. Соның әрқайсысына  тоқталып жатудың қажеті жоқ. Өйткені сол мақала шыққалы бері бұл жайында Республика  көлімінде, оның ішінде Түркістан облысы аумағында көптеген кездесулер өтті. Осы мақала талқыланды және қандай жұмыстар атқарылды дегенге келсек, бірталай жұмыстар атқарылды. Негізі бұл мақаланың өзі астарлы дүние. Мысалға: аң стилі, атқа міну мәдениеті дегендерді көп адамдар, біз атты алғаш үйреткен халықпыз, ата-бабаларымыз бүкіл әлемде атқа міну мәдениетін үйреттік деген бір сарынды әңгімелер айтып кетеді. Негізі ол атқа міну мәдениетін Елбасының мақаласында, біз әлемдік әдебиетке осы ат арқылы қандай өркениет әкелдік?  деген бір астарлы сырды ұқтырды. Содан кейін ежелгі металлургиядан мысалға осыдан 2000-3000 жыл бұрынғы қазір табылып жатқан қорымдардан алтын адам  сияқты, болмаса анау ескі қырлардың орнынан табылып жатқан,  жәдігерлер, оюлар, түрлі темір-терсек пен алтыннан жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдарды айтсақ. Осының өзі біздің ата-бабаларымыздың қазіргі заман  технологиясынан еш қалыспайтын, кезінде қандай бір технологиялық құпияларды меңгерген. Мысалы: жүзіктердің өзіндегі сан түрлі ою-өрнектерді қазіргі компьютердің күшімен істелінеді. Ал ол заманда қалай істелінді?  Міне біздің арғы ата-бабаларымыздың жоғары технологияны меңгергеннің көрінісі. Осының өзі біз әлемдік өркениетке қандай үлес қосқанымыздың бір сырын білдіріп отыр. Жалпы бұл мақаладағы барлық нәрсенің бәрі қазақ халқының көне, байырғы ата-бабалар жалпы өркениетке қандай маңыз қосты деген астарлы сырды білдіреді.

-         «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының екінші бөлімінде

«Ұлы Даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябақ ашуымыз керек деген. Осы тұрғыдан не айтар едіңіз?

- Жалпы Ұлы Даланың есімдері дегенге келсек  біз енді тағыда көбіне жеңіл әрі жат нәрсеге кетіп қаламыз. Содан кейін  соның кесірінен бұрыннан белгілі тұлғаларды мәселен Қазтуған содан бастап  бергі Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би  содан соң Қалмақ соғысындағы батырларды тізіп кетеміз де солардың өмірбаяндарын қайтадан жұртқа түсіндіре бастаймыз. Олардың негізінде қазақ әдебиеті өткен ғасырдың 50–шы жылдары қалай дамыды,  қазақ тарихы қалай зерттелді олардың барлығының өмірбаяны сол кезден-ақ жазылып жатыр. Ұлы даланың ұлы есімдеріне  біз көбіне халық жадынан ұмытылған, ел аузында айтылып жүрсе де көпшілікке танылмай жүрген тұлғаларды мәселен ХІХ-ғасырдағы билерді, Қоқанға қарсы  мынау қырғыз-қазақ соғыс кезінде қазақ-қоқан соғысы кезіндегі қатысқан батырларды, датқаларды, билерді  сол кездегі болғандардың тарих жанында көп аттары жұртқа танылмай жатқан тұлғаларды көтеруіміз керек. Содан кейін  енді ХІХ ғасырдың   аяғында орыс отаршылдар кезінде, отаршылдарға қарсы күрескен Маңғыстаудағы Иса Досан, бергі мынау Махамбет  Өтемістің уақытында  осы оңтүстікте де бірталай батырлар болған Қоқанға одан кейін орысқа қарсы шыққан. Міне сол тұлғаларды біз  анықтап алуымыз керек. Мәселен оңтүстікте жасаған  Шоңай датқа, Ақпан батыр сияқты батырлардың барлығын аттары әлі тарихта көміліп жатыр. Енді даланың ұлы есімдері деген де бір бұрынғы, бұрыннан халыққа белгілі  тұлғаларды айта бермей, осындай жұртқа белгісіз болып жатқан тұлғаларды  жұртқа айқындап беруіміз қажет.  

- Ұлы Даланың ұлы есімдеріне Түркістан облысының топырағынан шыққан қандай тұлғалардың есімін атаған болар едіңіз?

- Түркістан топырағынан шыққан ұлы есімдер қатарында енді жұртқа белгілі, бұрынғы жұртқа белгілі есімдерін атамай-ақ қояйын. Мысалы Ташкентте 1915 жылы Алаш негізін құрған, Алаш газетін ашқан Көлбай Төгісовтың, Сералы Лапинның сол кезде Қабылбек Сармолдаевтың сондай бір қайраткерлер бар,  мынау қазақ жастарын оқуға үйреткен, оқытқан, қазіргі заманға орай білім беруге  жетектеген бірталай қайраткерлер бар. Осы қайраткерлер  қай уақытта болса да, белгілі тұлғалардың қатарынан қалып жүр. Осыған көбірек көңіл бөлсек. ХVIII-XIX ғ батырлар көбісі белгілі ғой бізге, ХХ ғасырдың басындағы ревалюцияның алдында, ревалюциядан кейінгі, мына Түркістан республикасында қызмет еткен мейлі партия органда, совет партия кезінде  болсын арғы анау  патша кезінде Түркістан  республикасының кезінде қызмет еткен қазақтар болсын, сол кезде де бірталай қайраткерлер бар, сол қайраткерлердің өмірбаяндарын мына жұртқа жеткізіп өздерін таныту керек.

- Ұлы Даланың жеті қыры мақаласының қазіргі таңда жастарға берер ықпалы қандай?

Ұлы Даланың жеті қыры деген мақала әрине жастарға беретін тәлім-тәрбиесі көп. Біз енді көбіне жиындарда осы мақалаға орай көптеген желі өткізіп жатырмыз-ғой. Қазіргі таңда жастардың тәрбие мәселесі басты назарда тұр. Себебі, жастар біздің болашағымыз, келешек мемлекет билігінің басында тұратын тұлғалар. Сондықтан жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыруымыз керек. Сол жылдан бері жиындардың көбісіне жастар жиналады. Жастар жиналғанымен мені бір қынжылтатын нәрсе сондай жиындардың көбіне  ер балалардан, қыз балдар көбірек  келеді. Білмеймін өйткені анау оқу орындардан, басқа жұмыс орындардан ер балдардан гөрі қыз балдарды алып келу оңай. Өйткені тілді тез алады  әйтпесе енді осы елді басқаратын ер балалар емес па? Сондықтан осы жиындарға көбірек жас жігіттер, еркектер қатысса деген тілегім бар.

- Ұлы Даланың  жеті қыры мақаласы жарияланғанына толық екі жыл болды? Мақала көздеген межесіне жете алды ма?

- Әрине бұл мақаланаң бағыт бағдарына орай бірталай істер атқарылды, әлі де атқарылып жатыр. Бірақ дегенімен біз тарихи сананы  жаңғырту деген бөлімдегі бағыт-бағдар іске асыра алмай жатырмыз. Біз көбінесе бұрынғы заттан бір нәрсе ғана айтып кетеміз, мынау қазақ тарихын көбірек танытуға, оқытуға көңіл бөлмейміз. Мәселен рухани жаңғыру болашаққа бағдар мақаласы шыққан кезде мынаны жанғырту деген бөлімдегі  бағдарды іске асыра алмай жатырмыз. Біз көбінесе бұрынғы заттан бір нәрсе айтып ғана айтып кетеміз, мына қазақ тарихын кеңірек танытуға, кеңірек оқытуға көп көңіл бөлмейміз. Мәселен рухани жаңғыру болашаққа бағдарын  рухани  жаңғыру мақаласы шыққан кезде тарихи сананы жаңғырту деген бөлім бар еді, бірақ оны да біз енді  сол мақалаға орай  келелі жерлер мен латын тілін ғана   насихаттап кеттік, соны ғана іздеп кеттік та, мынау  тарихқа көп көңіл бөлінбей қалды. Оны да Ұлы Даланың жеті қыры мақаласында  тағы да тарихи сананы жаңғырту деген бір бөлім бар. Сол бойынша осы  оңтүстікте танылмай жүрген  тұлғалар, оқиғаларды кеңірек зерттесек болар еді. Оның үстіне біздің оңтүстік  тарихы біздің қазақ тарихында Қазақстан тарихында өте аз зерттелген  тақырып.  Мысалы кез келген  қазақ энциклопедиясын алып қарасақ, қазақ тарихын ал оңтүстіктің тарихы көп айтылмайды,  себебі мұның зерттеушілері жоқ. Қазір бір-екі ғана зерттеуші ғана бар.  Мысалы мен осы оңтүстік тарихы жайлы бірталай роман жаздым, бірталай  зерттеу-еңбектер жаздым. Мысалы қазір тұлғатануда Хазірет Тұрсын бар Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де жұмыс жасайды. Сондай қадау-қадау жігіттер болмаса жалпылай былай оңтүстік тарихын зерттейді деген бір ғалымдар тобы жоқ. Сондықтан да бұл Ұлы Даланың жеті қырындағы айтылған  бағыттарға, бағдарға орай жұмыс бір жарым-жартылай  күйде жүрді. Ал енді алдағы уақытта игі жақсылығын тапса деген тілегім бар.

 Өткеніміз бен бүгінімізді қамтып, бір арнаға тоғыстырған Елбасы мақаласының ауқымы үлкен. Ұлы Даланың жеті қыры әлі де қойнауына көп сырды бүгіп жатыр. Біз білмейтін тұстары, мәлім болмаған құпиялары көп Ұлы Даланың ашар жаңалығы алда. Елбасы мақаласы қазақтың дәстүрін, тілін, дінін айшықтап, ұрпаққа аманат етер тағы бір көрнекті еңбектің бірі болып қалмақ.

- Сұқбатыңызға рахмет. Уақыт бөліп құнды ой-пікір білдіргеніңізге алғыс білдіреміз.

 

Сұқбаттасқан «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің басшысы Қ.Салықбаев                                                                                                                           

0 пікір