Діни тұрақтылықты сақтауда теріс пиғылды кереғар ағымдардың іс-әрекеттерінің алдын алуда орасан үлес қоса алатын маңызды тетіктердің бірі – тектілік тәрбиесі.
«Жал, құйрығы қаба деп
Жабыдан айғыр салмаңыз
Қалың малы арзан деп,
Жаман қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Жаман қатын алсаңыз,
Топқа кірер ұл тумас,
Жаманнан жақсы туса,
Жақсыдан жаман туса,
Тарпай қоймас негізге!»–деп,данагөй бабамыз Бұқар жырау айтқандай, қазақ рухани мәдениетінде «тектілік ұғымы» жалпы ұлттық құндылықтардың ең басында тұрды. Әсіресе, ғасырлар бойы ислам дінінің ұстанымдарын, өмір сүрудің қатаң қағидаларына айналдыра отырып, оны заман талабы мен ұлттық болымыстың тірегі болған салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға айналдырған. Жалпы ұлттың сапалы ұлт болуы үшін ең басты керекті нәрсе ол – ұлттың денсаулығы, яғни, ұлттың жоғалмай сақталуына себеп болатын келесі ұрпақтың сау болып өмірге келуі. Осыны ерте білген қазақ халқының
«Жеті атадан қыз алма»,
«Жеті атасын білген ұл – жеті рудың қамын жер,
Өзін ғана білген ұл – намысын сатып, арын жер»,
«Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» -деген
қағидаларына көз жіберер болсақ тектілік қазақ ұлттың болмысының тіптен қазақтың қазақ ұлттық болмысының тіптен қазақтың қазақ болуының асқар шыңы, мызғымас тірегі екенін көре аламыз. Қазақ руханиятында тектілік тек қана сәулетті, дәулетті, атақты, көрікті т.б. физикалық һәм материалдық көрсеткіштеріне ғана қарап баға берілмегені белгілі. Ғалым, философ Ж.Молдабеков текті жанды «ол өнер жолын қуады, сертінде тұрады, уәдесін орындайды, қолы ашық, көңілі жайдары, тілі майда, әрекеті батыл келеді» – деп сипаттағандай, тектілік ең әуелі адамның сыртқы келбеті мен түр-тұлғасында емес, қайта оның қанының тазалығы мен ұлты үшін өзінде барды құрбан ете алатын, өскелең ойлы рухани әрі адами құндылықтарға бай болуымен өлшенетінін көре аламыз. Мұның дәлелі ретінде текті жар таңдау үшін не істеу керектігі туралы айтқан Абай атамыздың мына өлең жолдарынан көре аламыз.
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.
Текті ұрпаққа текті қыз таңдаудың жолын әрі формуласын сызып берген Абай атамыздың тілінен тамған қазақ ұлттық болмысындағы тектілікке қарап жар таңдау Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерімен ұштасып, содан бастау алатынын «Әйелдерге тек сұлулығы үшін ғана үйленбеңдер, сұлулығы оларды тәкаппар етуі мүмкін. Әйелдерге дүниесі үшін ғана үйленбеңдер, мал-мүлкі оларды шектен шығаруы мүмкін. Расында қара тәнді иманды әйел текті де дәулетті және көрікті бірақ дінсіз болған әйелден абзал» - деген хадистен көре аламыз.
Қазақта тектілк ұғымы тек қана «жеті атадан қыз алма», немесе «текті жердің қызын айттырып келін қылу» дегенмен ғана шектелмейтін белгілі. Ұлттың текті болып болашаққа сау денелі, асқақ рухты, діні мен ділін, дәстүрі мен тарихын құрметтейтін текті нәсіл жетілдіру үшін қатаң қадағаланатын қағидалардың бірі тек қазақта ғана бар «әмеңгерлік» дәстүрі де «жетімін қаңғытпаған, жесірін жылатпаған» тамаша тағылым, өз руынан туған ұрпақты жат қолына тентіретпеу, жат жұрттық етіп тегін ұмытатын жағдайға қалдырмау еді. Сондықтан өмірден озған ағасы немесе інісінің, жақын туысқандарының жетім баласы мен жесір жарына жоқшылықтың дәмін татырмай, олардың сол әулеттің, сол рудың көз қарақты еркегіне екінші немесе үшінші жар ретінде некелеп былайғы өмірде олардың бас амандығы мен тұрмыстық материалдық қажеттіліктерінен бастап балаларының тәрбиесіне дейін барлық қажеттеріне ол тұлға отағасы ретінде жауапкершілікті мойнына алды. Сол арқылы өзінен туған ұрпақты өзегіне теуіп, жат қолына тентірепеді. Осындай бір тамаша «әмеңгерлік» сынды салт-дәстүрдің арқасында қандай қиын замандар болса да қазақ даласында «жетімдер үйі», «қарттар үйі», «бейімдеу үйі» т.б. аттарын ауызға алудан жиіркенетін мекемелердің тіпті сөздік қорымызда да болмағанын көре аламыз.
Жоғардағы сөз еткен «жар таңдаудағы тектілігін сақтауға қатысты бірнеше қағидалары ғана. Айта берсек мұндай салт-дәстүр жеткілікті. Мәселенің маңыздысы оның көптігінде емес, сол әдеттер мен салттардың заман талабына сай ұлттық болмыстарды сақтауына қызмет ету – етпеуінде.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
дінтанушы маман Ж. Жорабек