Келе жатқан ұлыстың ұлы мерекесін бүкіл Орта Азия халқы тойлайтынын мереке. Қазіргі уақытта Наурыз мейрамын ресми мемлекеттік және дәстүрлі мереке ретінде Тәжікстанда, Өзбекстанда, Түрікменстанда, Әзірбайжанда, Абхазияда, Албанияда, Қырғызстанда, Македонияда, Түркияда және Қазақстанда атап өтіледі. Тіпті Ауғанстан, Иран секілді алыс шет елдері мерекенің келуін тағатсыздана күтеді. Осы мейрамның бір ерекшелігі қаншама ұлттардың ортақ дәстүрлі элементін және көптеген ұлыстың бояуын байқауға болады. Барлығымызды байланыстырып отырған Жібек жолы торабында орналасқан еліміз бен жеріміз.
Әуелде отарлаған тоталитарлық жүйенің ықпалымен ата-баба дәстүрін халық жадынан қасақана ұмыттыру мақсатында 1926 жылдан бастап, Орталық Азия құрлығының халқына наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, нақты айтқанда 62 жыл бойы сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, түркі тілдес халықтар арасында Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты. Елімізді Наурыз мерекесі 1991 жылы 15 наурызда Қазақ ССР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Тұңғыш Президенттің қаулысымен наурыз айының 22 жұлдызын «Наурыз мейрамы» етіп жариялады. 2001 жылы Наурыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп жарияланды. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне «Наурыз мейрамы» деген мәртебе берілді. Осылайша дәстүрлі ұғымға ие мейрам, мемлекеттік ұғымғада ие болды.
Сонымен қатар 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес, 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Ал 2009 жылдың 30 қыркүйегінде UNESCO Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
Жалпы Наурыз мейрамы қай кезден бастап тойланып келеді? Осыған байланысты бірнеше деректер бар. Бірақ наурыздың бастауы туралы нақты деректің жоқтың қасы. Кейбір ғалымдардың айтуынша наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі болып табылады. Орта Азия елдері Наурыз мейрамын заманауи діндер мен көптеген мемлекеттер пайда болғанға дейін 5000 жылдан аса уақыт атап өтіп келеді дейді. Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Нұх Наурызнама» деген жазбаларына сүйенсек, Ұлыстың ұлы күні наурыздың тамырлары зороастризм және шаманизм дәуірінен бастау алмайды. Оның негізі Нұх пайғамбардың заманынан қалған мейрам екендігі алға тартқан.
Бүгінде ұлыстың ұлы күні адамдар қол алысып қауышады. Сонымен бірге, барлығы «Жаңа жыл құтты болсын!» - деп амандасып, біріне жақсы тілектер айту үрдіске айналған. Алайда Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастауы немесе жаңа жыл мейрамы деп айтылу себебі неде? Сондай-ақ, наурыз айының 22 күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңесетіндігін алғашқы болып кімдер дәлелдеді? Осыған байланысты XI ғасырдың өзінде ұлы ғалым әрі ақын Омар Хайям жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың толық циклды аяқтағаннан кейін, өзінің бастапқы жүру нүктесіне келіп, жаңа жолды – шеңберді қайта бастайтынын байқады. Бұл бақылауының негізінде Омар Хайям сол кезде билік еткен Жалал ад Дин Мәлік Шах ибн Әл-Арслан Селжүктің құрметіне «Мәлік күнтізбесі» деп аталатын жаңа күнтізбе құрастырды. Онда жаңа циклдың басталуы 22 наурызға – көктемгі күн мен түннің теңелетінін күніне түседі. Бұл күнтізбе қазір пайдаланып жүрген күнтізбеге қарағанда, әлдеқайда дәлірек болды. Өйткені 365 күн бар күнтізбеге қарағанда, жылына 324 күнді құрайтын Мәлік астрономиялық күнтізбесіндегі қателік 0.0002 күн және одан кем екендігін дәлел берген. Ал бүгінгі астроном ғалымдары осы айғақты растайды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары наурыз мейрамын мұсылмандықтың жаңа жылы немесе наурыз діни мейрам деп жаңылыс атап өткендер болды. Өкінішке орай бұл наурыз мерекесін бүкіл мұсылман елдері тойламайды. Наурызды исламдық мерекелерге қатысы бар деп түсінуге де болмайды. Дәстүріміздегі барлық мұра құндылықтарымызды ислам дінімен байланыстыру қате пікір. Өйткені Ислам дінінде ресми түрде екі мейрам ғана бар. Ораза айт және Құрбан айт мейрамы. Шариғат сөзімен айтқанда: «Наурыздың діни мереке болу үшін Ораза, Құрбан айттары сияқты діни үкімдері болу қажет!».
Түркістан облысы дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ
теолог маманы А.Дүйсен