Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару
Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару
21.04.2020
1699
0

          Қоғамдағы күнделікті күйбелең тіршіліктің қамымен жүрген пенденің бірінен «дін  неге үгіттейді?», - деп сұрай қалсаңыз, басым көпшілігі бұл сұраққа «жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруға шақырыды»  деген жауап аласыз. Исламның негізі адамдарды жақсылыққа үгіттеп, жамандықтан бойды аулақ ұстау. Бұл жайлы Алла Тағала қасиетті Құранның  Әл-Имран сүресі, 110-аятында: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын, Аллаға сенген қайырлы үмбет болдыңдар»,- деп баяндайды.

       Исламның әлемдік мәдениетке үлес қосуы осы міндеттің дұрыс орындалғанына байланысты. Тәуелсіздік жылдары қазақ жеріне түрлі діни ағымдар келгені бәрімізге белгілі. Сол заманда «Аңқау елге арамза молда», табылып, «сенің өзің де, ата-анаң да, сол дінсіз қоғамда өмір сүрдіңдер, ендігі нағыз дін осы»,- деп, жамағатты «жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарғаны» бар еді. Қоғамды жақсылыққа үндеуі «дінге шақырып, шариғатта жоқтың бәрі харам, бидағат амалдарын»,-деп шақырды. Тіпті адамдарға Қазақстан мұсылмандарының қара шаңырағы ҚМДБ-ның ұстанған дәстүрлі жолы «Ханафи мәзһабын» нағыз сәләфилердің көрсеткен жолы бұл емес. «Ата-бабалар адасқан олардың жолы салафилердің жолы емес, біз нағыз салафилердің жолындамыз»,-деп өздерін таныстырды. Кейбір жастарды шет елдерге, яғни салафилік идеологияны ұстанушы елдерге оқуға аттандырып үлгерді. Алайда алға қойған мақсаттарын іске асыру үшін барлық идеологиялық және материалдық мүнкіндіктерді пайдаланып, талай азаматтарды өз қатарына қосып алды. Міне, осылай біз жақсылықты үйрене бастадық.

       Олардың көрсеткен жолы қандай жол «салафилердің жолы», «нағыз салафилер қандай болған еді?», - деген сұраққа жауап іздесек.  Исламда салафтар деп діндегі Пайғамбарымыз (с.а.с.) аттарын атап көрсеткен үш буын өкілдері айтылады. Бұлар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзін көріп, дінді Пайғамбарымыздан (с.а.с.) тікелей алған сахабалар, сосын оларды көріп, олардан дін үйренген табиғиндар және үшінші буын табиғиндарды көріп, олардан дін үйренген таба-табиғиндар. Осылардың ішіндегі таза салаф буын – алғашқылар сахабалар ғана. Одан кейінгілер сахабалардан кейін болғандықтан оларға «халаф», яғни кейінгі болып саналады.  Дінде, міне осы 3 буын өкілдері ғана «салафтар» деп аталады.

          Міне, осылардан кейінгі ешбір адам өзін салаф қатарына қоса алмайды және «салаф» бола алмайды. Бірде «Пайғамбарымыз құтба оқып тұрған кезде мешітке бір адам кіріп, одан: «Адамдардың ең жақсысы кім ?»,- деп сұрайды.Сонда Пайғамбарымыз: «Ол жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйған, көп оқыған, әрі оқығанын көңіліне тоқыған, Алладан қорқатын және туысқандық қарым қатынасты үзбеген кісі»,- деп жауап берген. Қазіргі «салаф жолындамыз»,-деген бауырларымыз туған-туысқанынан оқшауланып, өздерінің сеніміндегі адамдармен бірге арласады. Ұстанатын сенімдерінде жақын ата-анасы болса да олардан, қарым-қатынасын үзеді. Діни білімдері жоқ, діни білім былай тұрсын, тіпті кейбіреуі орта мектепті де бітірмегендері де бар. Қоғамға қатал, өздерініңкі дұрыс басқаларын «адасушы, тозақта»,- деп санайды.

     Пайғамбар (с.а.с.) заманында  сахабалардың ешқайсы да, тіпті жәннәтпен көзі тірі кезінде сүйіншіленген  атақты 10 сахабалар да болды. Ал пайғамбарымыздың (с.а.с.) туысы болған, Кұранда «тозақта болады»,- деп аты келген Әбу Ләһәбты да сол сахабалар да білетін еді. Ардақты сахабалардың ешқайсысы сол Әбу Ләһәбқа «Сен тозақтықсың»,- деген емес. Адамдарға жиһадты (күрес) насихаттап, жәннәтқа барудың жолы «Алла жолында, соғыс майданында жан тапсыру»,- деп талай адамдарды саяси, жалған жиһадқа аттандырып жіберді. Ал, пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде нағыз дін үшін жиһад, сол уақытта болды. Сол жиһадтта дін үшін қаза тапқан сахабалар  осы жолда жанын пида етті. Яғни, шахид (Алла жолында, соғыс майданында жан тапсыру) болуы еді. Олардың денесі қиямет күніне дейін сақталып, жәннатқа еш сұрақ-жауапсыз кіретіндігі шариғатта «шахид»,- деп атайды. Ол дәуір өз заманына лайық өтті, ал қазір ешкім де дін үшін соғыс жүргізіп, «Алла жолында, майданда жәннәтқа кірудің жолы»,- деп жан тапсырып жатқан жоқ.

     Ардақты пайғамбарымыз: (с.а.с.) сахабаларымен бірге шынайы өз заманына сай соғыстан қайтып келе жатқан кезде: «Біз қазір кіші жиһадтан үлкен жиһадқа қайттық»,- деген кезде, сахабалары: «Уа, Расулуллаһ, «үлкен жиһад» деген не?»- деп таңғала сұрақ қояды. Сонда пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ол- өз нәпсіңмен күрес»,- деп қысқа жауап қайтарады. Қазақтың ақыны Шәкәрім Құдайберді ұлы:

«Біреудің мінін тергенше,

Жамандығын көргенше,

Өз ойыңды мазалап,

Өз бойыңды тазалап,

Өзіңмен күрес өлгенше», - деп  өз нәпсінді тәрбиелеудің жолын жырлап кеткен. Күрескін келсе, ең үлкен жиһад ең алдымен өзіңді тәрбиелеу екенін ұмытпайық. Бұл жолдағылар өзін туралаудың орнына қоғамды туралағысы келеді.

      Қорыта келе Біз шынайы салафи жолындағы ізгілерден көрген жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруын байқаймыз. Олар адамдарды ізгілікке, әдепке, мейірімділікке шақырды. Қазіргі заманда өздерін «салафилердің жолындамыз»,- деген діни ағым ұстанушылары сөзіне ісі сай келмейді. Бұл дәстүрлі діннен бөлініп шыққан, «бұрынғы салафилердің» атын жамылған діни ағым ұстанушылары.

Біздің тариымызға, дәстүрлі құндылықтарымызды, тіпті ата-бабамыз ұстанып келген, «Ханафи жолын» жоюды, халықтың тыныштығын бұзып, ешкімді де жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып жатқан жоқ. Халықты жік-жікке бөліп жіберуді көздейтін  діни ағымның басты мақсаты. Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабалары одан кейінгі ғұламаларды суреттейтін «салаф дәуірі»  өз заманына лайықты, бұрынғы өткен ізгілер дәуірі. Ешкім де бұл заманда олардың дәрежесіндей бола алмайды. Қазіргі діни ағымдағы «өздерін салафилердің жолындамыз»,- деген ұраны олардың сылтаулары мен сандырағы болып қала бермек.

 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ – нің

Сайрам ауданындағы теолог маманы

Битанов Жангелді   Нұрғалиұлы 

0 пікір