Басқа пәле – тілден
Басқа пәле – тілден
18.08.2023
1299
0

Қазақ әдебиетінің тарихында қазақ ақын жыраулары мен билері діни кітаптардан нәр алған, онда баяндалатын тәлім-тәрбие, білім, ғылым сияқты құнды мәселелерді ана тілінде қайта жырлауға тырысқан ақындар аз болмаған. Олар қара сөздерімен халықты тәрбиелеп, адамгершілікке, имандылыққа шақырды. Осыған орай мына төмендегі оқиғаны баян қыламын.

Сырымға қарап Бөкен басын шерткен екен. Сырым оған аузын ашып, тілін көрсетіпті. Сырымның қасындағы жолдастары: «Бөкең саған неге басын шертті, оған сен аузынды ашып, тіліңді шығардың, ол не сөз?»,-дейді. Сонда Сырым: «Ол кісі маған басын шерткені – басқа бәле қайдан келеді»,-деген жұмбағы еді; менің оған тілімді көрсеткенім: «Басқа бәле қызыл тілден келеді дегенім»,-депті. Көріп отырғанымыздай ұлттық құндылықтарымыз ешқашан діннен алшақ болмаған. Мысалға «Үндемеген үйдей бәледен құтылады» дейді дана халқымыз.

Бөкен бидің өзі Сырымға қойған сұрағы мен жауабы туралы хадисте былай дейді: «Әр күні таңертең мүшелер тілге былай деп ескертеді: Біздің атымыздан сөйлегенде Алладан қорқатын бол, жаман сөз айтпа, бізді отқа тастама! Біздің дінге мойынсұнып немесе мойынсұнбауымыз саған байланысты. Сен дұрыс болсаң, біз де дұрыс боламыз. Сен бұрыс болсаң, біз де бұрыс боламыз» (Тирмизи).

Көп сөзділікке берілген кейбіреулерді көргенде күрсінесің. Көп сөйлеу адамды жексұрын қылып көрсететінін түсінесің.

Адам күнәні тілмен де жасайтынын ескерсек, көп сөйлеу сол тілмен жасалатын күнәлардың санын арттырады. Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Үндемеген үлкен бәледен құтылады, ал көп сөйлегеннің күнәсі де көп болады»,-деген.

«Үндемеген үйдей бәледен құтылады»,-дейді дана халқымыз. Иә, бұл сөздің тереңге бойлаған мағынасын түсініп, өмірімізді сәндеуіміз қажет.

Қорыта келе қазақтың ақын-жыраулары, шешендері мен күйшілері қалдырған мұраларға көз жүгіртетін болсақ, олардың ең алдымен келер ұрпақ болашағы үшін, тәлім-тәрбие ісіне көбірек көңіл бөлгені байқалады. Ал тәрбиенің өзегінде қашан да имандылық, адамгершілік құндылықтар жататын болған. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Әл-Фараби бабамыз айтқандай «Тәрбиесіз берген білім-адамзаттың қас жауы».

Баяғыда бір дана: «Менің тілім - бір жыртқыш аң. Егер бетімен жіберсем, өзімді жеп қояды»,-деген екен.

Өз тілінен опық жеп, тағдырын тәлкекке салғандар да бар. Әбу Бәкір Сыддық өзін көп сөйлеуден сақтау үшін аузына кішкентай тас салып жүреді екен. Неге деп сұрағандарға: «Пайдалардың маған келтірген пайдасы»,-деп жауап береді екен.

«Ауызың сөз тұрмайтын жеңіл болса, ауызыңа тас салып ал»,-деген даналықтың осындай шариғат ұстанған даналардан қалған сөз екенін енді білгендейміз.

 

 Қ.Салықбаев

«Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын

 ұйымдастыру және үйлестіру»

бөлімінің басшысы                                                                  

 

 

 

 

0 пікір