Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда.
Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.
Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз.
Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады.
В публикациях СМИ и в социальных сетях распространяется недостоверная информация, что Верховный Суд признал ношение платков в школах законным.
В рамках рассмотрения дела Судебная коллегия по административным делам Верховного Суда не входила в обсуждение вопроса по законности ношения платка в образовательном учреждении.
Кассационная инстанция признала лишь незаконным недопуск школой учащегося к занятиям, поскольку право на образование является одним из основных конституционных прав граждан Республики Казахстан.
Вместе с тем, полномочия по утверждению требований к обязательной школьной форме для организаций среднего образования у профильного Министерства имеются. Соответствующий приказ министра не признан незаконным и не отменен.
Также отмечаем, что родители несут обязанность по соблюдению Устава школы и требований, предъявляемых к школьной форме.
При этом неисполнение родителями взятых на себя и установленных законом обязанностей по воспитанию и образованию, защите прав и интересов детей влечет установленную законом ответственность, в том числе предусмотренную Кодексом об административных правонарушениях.