ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
16.08.2019
802
0

✒Қазіргі таңда діни ахуалдың зерттелуімен және АТТ мүшелерінің халықпен, жастармен кездесу барысында дінге қатысты заңдарды білмеуі байқалады. Осыған орай арнайы заңдарды түсіндіру қажеттілігі туындауда әлеуметтік желілердің пайдалы жағын ғана қабылдап, зиянды жақтарын барынша түсіндіру қажет деп есептейміз. Әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында елдің үрейін ұшыратын ақпараттар таратып, әр түрлі заң бұзушылыққа жол беретін топтар да құрылып, оны пайдаланушылар да артуда. Бұл өз кезегінде әлі ой-қабілеті толығымен қалыптаспаған жастардың дұрыс тәрбие алуына кері әсерін туғызатыны белгілі. Осы уақытқа дейін әлеуметтік желілер арқылы түрлі діни-экстремистік ұйымдардың 18-25 жас аралығындағы жастарды арбап, өз қатарларына қосу фактілері де тіркелген. Әлеуметтік желілерге тіркелетін биографиялық мәліметтерді өз мүдделеріне пайдаланатын қылмыстық топтар да жиі кездеседі. Тіпті, әлеуметтік желі арқылы алдап соғатын алаяқтар да, неше түрлі қылмыскерлер де табылып жатқандығы белгілі. Сондықтан да төмендегі заңдарды жазып елдің назарына білдіруді ұйғардық. Мақсатымыз: Адамзаттың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді қалыптастырып, түсіндіру болып табылады. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. 

 

ҚР Қылмыстық Кодексi
174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру

1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасы, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл іс-әрекеттер жария немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi дайындау немесе тарату жолымен жасалса, –  екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

2. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған немесе күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен ұласқан, сол сияқты адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер –  белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.  

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған не ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер –  белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Нет описания фото.

На изображении может находиться: один или несколько человек

Нет описания фото.

 

 

 

0 пікір
Соңғы Жаңалықтар