




Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 5574 әскери бөлімі Әскери полиция қызметінің бастығы майор Бақтияр Дәуренқұловтың ұйымдастыруымен жалпы кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Медет Халықов қатысты.
Кездесу барысында еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, әскери ортада діни экстремистік үгіт-насихатты таратпауды, теріс ағымды діндерге жол бермеуді, «Әскердегі заң және тәртіп» бағдарламасына сәйкес әскери қызметшілердің құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығы туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін дұрыс тәрбие бере білу керектігін түсіндірді.
Сонымен қатар, «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында дін саласына қатысты ақпараттық түсіндірме жүмыстары және қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы да баяндалды.

+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru