Зайырлы мемлекеттің белгілері
Зайырлы мемлекеттің белгілері
23.01.2020
1990
0

     2020 жылдың 23 – қаңтар күні «Зайырлы мемлекеттің белгілері» тақырыбында Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округіне қарасты № 68 Бескепе атындағы негізгі орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына кездесу болып өтті. 

     Кездесуге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының « Дін мәселелерін зерттеу орталығы » КММ – ның Сайрам ауданындағы дінтанушы – теолог маманы Ж.Битанов қатысты.

    Дінтанушы – теолог маман Ата заңымыздың ҚР Конституциясының 1 – бабыда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды,оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары - делінген. Зайырлы мемлекет - азаматтардың дін ұстану еркіндігі мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлектігін білдіреді.

 Зайырлы мемлекеттің белгілері:

1. Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі.
2. Діннің саясаттан ажыратылуы.
3. Дін әр, азаматтың жеке ісі болып есептеледі.
4. Мемлекеттік білім-беру жүйесі мен тәлім-тәрбие беру зайырлы сипатта.
5. Діни наным-сенімнің көксейтіні — адамның жеке өмірінің бостандығы.

     Дін мемлекеттік идеологияға ықпал ете алмайды. Қазақстанда мемлекеттік немесе міндетті дін жоқ. Бұл Қазақстанда кең таралған екі әлемдік дін – ислам діні мен православие дініне бірдей қатысты. Зайырлық – «атеизм» немесе дінді жоққа шығару емес»,керсінше адамның ар – ождан бостандығын, діни сенім еркіндігіне кепілдік беруді білдіреді.

   Сонымен бірге Деструктивті діни ағымдардың зияны, олардың психологиялық портреті,қоғам арасында керіағар діни ағымдардың рөлі қалай,олардың белгілері,сөз және іс – әрекеттері жайында толыққанды мәлімет берілді. Кездесу соңында оқушылар Қазақстан - ғана зайырлы мемлекет пе ?, Діни ақпаратты қайдан алған дұрыс,- деген сияқты сұрақтар қойылып мамандар тарапынан жауап берілді.

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 13 человек, люди сидят, стол и в помещении

На изображении может находиться: 3 человека, в помещении

 

0 пікір