«ЫНТЫМАҚ-ТҮРКІСТАН» КЛУБЫ АЯСЫНДА «ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ - КЕМЕЛ БОЛАШАҚ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
«ЫНТЫМАҚ-ТҮРКІСТАН» КЛУБЫ АЯСЫНДА «ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ - КЕМЕЛ БОЛАШАҚ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
07.04.2026
341
0



Бүгін «Ынтымақ-Түркістан» клубының аясында «Зайырлы қоғамда діннің алатын орны» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға өңірдегі конфессия өкілдері қатысып, өзара пікір алмасты.

Аталған жиынның басты мақсаты – түрлі сенім мен дін өкілдері арасындағы диалогты дамыту, өзара түсіністік пен сыйластықты арттыру, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту. Сонымен қатар, шара барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, толеранттылық құндылықтарын насихаттау және діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру мәселелері кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстелге облыстық дін істері басқармасының басшылығы мен қызметкерлері, конфессия өкілдері, қала және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің мамандары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы биыл 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияға дін қатынастарын реттейтін нормалардың енгізілгеніне кеңінен тоқталды. Діни қызметті жүзеге асыру, діни рәсімдерді өткізу кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Облыстың наиб-имамы Ахметов Сейдулла Сайфуллаұлы мен Түркістан қаласының наиб-имамы имамы Қоңыртай Хамидулла адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын дәріптеуге шақырды.

Ал «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директорының орынбасары Айбек Тағай қазіргі қоғамдағы діни ахуалға талдау жасап, жастар арасында діни сауаттылықты арттырудың өзектілігін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар зайырлы қоғам жағдайында діннің орны, діни сенім бостандығы мен мемлекеттік саясаттың үйлесімі, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау жолдары төңірегінде ашық пікір алмасты.

Жиын қорытындысында мұндай кездесулердің қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде, түрлі конфессия өкілдері арасындағы сенімді нығайтуда маңызы зор екені атап өтілді. Қатысушылар өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін білдірді.

Возможно, это изображение учеба и стол

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст "лубы МАНЫ"

Возможно, это изображение учеба и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

0 пікір