Үш қырғызстандық лаңкестік ұйымның мүшелері ұсталды
Үш қырғызстандық лаңкестік ұйымның мүшелері ұсталды
24.11.2022
448
0

Бішкек пен Жалал-Абад облысында 19 қарашада үш қырғызстандық – «Ислам мемлекеті»* халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Арнайы қызметтің мәліметінше, ұсталған екі азаматтың басқа мемлекет аумағынан лаңкестік әрекет ету аймақтарына кетіп, «Ислам мемлекеті – Вилаят Хорасан»* (Ислам мемлекетінің бөлімшесі ) ХТҰ қатарына қосылу әрекеті туралы фактілер анықталды.

«Ұсталғандардың бірі Х.П. екі жаңадан жалданған адамдардың жөнелтуін тікелей үйлестіріп, оларға ақша және бірнеше елдің аумақтары арқылы кедергісіз өту үшін шетел мемлекеттерінің жалған төлқұжаттарын берген», — деп хабарлады мемлекеттік комитет.

Бұл адам бұрын террористік әрекеті үшін Қырғызстанда сотталған болатын.

«Жазасын өтегеннен кейін ол түзеу жолына түскен жоқ,  лаңкестік әрекет аймақтарына рекруттарды жіберу бойынша заңсыз әрекеттерін жалғастырды», — деп толықтырды  ведомствода. 

Іс қозғалып, ұсталғандар Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Kazislam.kz порталына сілтеме : Үш қырғызстандық лаңкестік ұйымның мүшелері ұсталды 

0 пікір