Түркістанда "салафи" ағымын ұстанушыдан Қызыл кітапқа енген құстар тәркіленді
Түркістанда "салафи" ағымын ұстанушыдан Қызыл кітапқа енген құстар тәркіленді
24.04.2020
1229
0

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне аудан тұрғынының бірінің үйінде дала қыраны сияқты жабайы құстар бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Сайрам АПБ қызметкерлері аталған тұрғынның сарайынан екі құсты тапты. Олар ҚР "Қызыл кітабына" енгізілген екі Дала қыраны болып шықты. 

BD83ABFB-95DD-4FBF-9D92-F02279EFC0A0.jpeg

Сондай-ақ, полицейлер күдіктінің "салафи" ағымын ұстанушы екенін анықтады. 

"Салафи" ағымы Қазақстандағы таралып жатқан деструктивті діни ағымдардың агресивті бағыты болып табылады. Салафизмнің (вахабизм) жақтастары зайырлылыққа және зайырлы мемлекетке түбегейлі қарсы. 

Ер адам "қолхатта".

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 339-бабы "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Айғақты зат ретінде алынған Дала қырандары Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді. Тәртіп сақшылары ер адам "Қызыл кітапқа" енген  құстарды қандай мақсатта ұстағанын анықтауда.

2AFB609C-D580-421C-9F34-6032E3B3D28B.jpeg

Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға ҚР "Қызыл кітабына" енгізілген сирек кездесетін жануарлармен заңсыз байланыс жасап, ұстағандар  3 мың АЕК дейінгі айыппұл немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. 

Түркістан облысы бойынша ПД

Дереккөз: https://rgmedia.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6156

0 пікір