Түркістанда медицина қызметкерлеріне арналған кездесу өтті
Түркістанда медицина қызметкерлеріне арналған кездесу өтті
08.10.2025
682
0

Түркістан қаласында медицина саласының қызметкерлеріне арналған кездесу өтті.
Іс-шараға Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев Мархабайұлы, сондай-ақ белгілі дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы Асанов қатысты.

Кездесудің мақсаты – медицина қызметкерлері арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани тұрақтылықты нығайту және деструктивті діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.

Шара барысында қатысушыларға дәстүрлі дін мен ұлттық болмыстың өзара байланысы, қоғамдағы ізгілік пен адамгершілік құндылықтарының маңызы туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Рүстем Сабыржанұлы өз сөзінде медицина қызметкерлерінің халықпен тікелей байланыста болатынын айта келе, олардың қоғамда рухани мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің ерекше екенін атап өтті.

Асхан Байдувалиев Мархабайұлы медицина қызметкерлерінің кәсіби міндетімен қатар, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Ал теолог Нұрлан Асанов радикалды ағымдардың қоғамға тигізер зиянын түсіндіріп, ұлттық сана мен діни сауаттылықты арттырудың қажеттілігіне назар аударды.

Семинар соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Мұндай семинарлар алдағы уақытта да жалғасын тауып, әртүрлі сала мамандарына арналған форматта өткізілетін болады.

 

Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текст

Возможно, это изображение 2 человека и отдел новостей

Возможно, это изображение 3 человека и кларнет

Возможно, это изображение 5 человек и кларнет

0 пікір