ТҮРКІСТАНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
ТҮРКІСТАНДА ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА
26.11.2025
409
0


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында дін қызметкерлерінің біліктілігі арттырылуда.
Семинардың ашылу рәсімінде ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова, Түркістан облысы дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы және Түркістан облысының бас имамы Ержан қажы Сматұлы сөз сөйледі.
Аталған шараға Асанов Нұрлан Байжігітұлы – теолог, дінтанушы, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы, Халықов Медет Мұзапбарұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры және Досанов Нұрбай Ермаханұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы қатысуда.
Семинардың мақсаты – Өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау және халықтың діни сауаттылығын арттыруда дін қызметкерлерінің, имамдардың, теологтардың кәсіби біліктілігін арттыру.
Бұл игі бастама өңірдегі діни ахуалды жақсарту, халықтың рухани сұранысына жауап беру және имамдардың заманауи талаптарға сай болуына бағытталған. Семинар барысында тәжірибе алмасу, пікір алмасу, нақты кейстермен жұмыс жасау, сұрақ-жауап секілді интерактивті әдістер қолданылуда. Бұл шара имамдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, кәсіби біліктілікті нығайтуға сеп болуда. Жалпы, мұндай оқыту бағдарламалары дін қызметкерлерінің білімін тереңдетіп қана қоймай, қоғаммен тиімді байланыс орнатуына және елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында нәтижелі жұмыс атқаруына үлкен үлес қосады.

Возможно, это изображение один или несколько человек, телевизор, отдел новостей и текст

Возможно, это изображение учеба и стол

Возможно, это изображение учеба и текст

0 пікір