ТҮРКІСТАНДА ИМАМДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі дін қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Бас мүфти діни-ағарту жұмыстарының сапасын арттыру, мешіттердің әлеуметтік және рухани-тәрбиелік бағыттағы рөлін күшейту мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелеріне тоқталды.
Кездесу соңында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін саласында ұзақ жылдар бойы табанды қызмет етіп келе жатқан Түркістан облысының бірқатар ардагер имамдары мерекелік медальмен марапатталды.
Көп оқылғандар
ТҮРКІСТАН: ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН САҚТАУ МЕН ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
ТҮРКІСТАНДА ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
БАС МҮФТИ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІН ЗИЯРАТ ЕТТІ
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАБАЛАР РУХЫНА 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫН ЖАСАДЫ
ТҮРКІСТАНДА «ДІНІМ – ДІҢГЕГІМ, ДӘСТҮРІМ – ҚАЗЫНАМ» МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ