Түркістанда деструктивті діни ағымдарға қатысты деген 30-дан астам қылмыс ашылды
Түркістанда деструктивті діни ағымдарға қатысты деген 30-дан астам қылмыс ашылды
18.02.2020
198
0

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат – Түркістан облысының полиция қызметкерлері деструктивті діни ағымды ұстанушылардың қатысуымен болған 34 қылмысты ашты. Оның ішінде діни араздықты қоздыру, жеке мүлікті ұрлау, есірткі өткізу мен сақтау және басқа да қылмыстар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы сондай-ақ діни тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған деректер де анықталған. Нәтижесінде өңірде деструктивті діни ағымды ұстанушы 567 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 16-сы діни сипатты бұзғаны үшін ұсталған. Тәртіп бұзушыларға 5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған. «Полиция департаменті мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттаумен айналысатын адамдарды ұстау үшін бірқатар арнайы операция жүргізді. Тінту кезінде күдіктілерден ұялы телефондар, діни мазмұндағы баспа әдебиеттер мен компьютерлік техника тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің барлық материалдары айыптау актісімен сотқа жолданған» делінген хабарламада.

Нет описания фото.



 Ақпарат inform.kz сілтеме: https://www.inform.kz/kz/turkistanda-destruktivti-dini-agymdarga-katysty-30-dan-astam-kylmys-ashyldy_a3615601

0 пікір