ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
19.12.2025
486
0

 Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қайсар Мырзабайдың қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге спикер ретінде Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі, кұқық қорғау органының қызметкері, этно- мәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, және Р.Исетов, Е.Изаатуллаев атындағы жалпы білім беретін мектептердің ұстаздарымен окушылары қатысты. Дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ел боламын десең бесігіңді түзе» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Спикерлер жасөспірімдерге интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, күмәнді ақпарат көздеріне сенбеу және экстремистік сипаттағы материалдарға жол бермеу жөнінде пайдалы ақпараттар берді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың діни сауаттылығын арттыру және онлайн ортадағы теріс идеологияның алдын алу. Сонымен қатар, «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында дін саласына қатысты ақпараттық түсіндірме жұмыстары және қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы да баяндалды. Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан жауап берілді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст

0 пікір