Түркістан обылысы бойынша «ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» Жетісай ауданында
Түркістан обылысы бойынша «ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» Жетісай ауданында
04.12.2019
511
0

Бүгін Облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, облыстық қоғамдық даму басқармасы және Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде Түркістан облысы бойынша «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі іс-шара өтті.

Көшпелі керуеннің мақсаты аудан тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.
Жиынды ішкі саясат бөлімінің басшысы О.Есенбеков ашып, жүргізіп отырды. Көшпелі керуенге Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ деректорының м.а Халықов Медет Мұзапбарұлы, Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Халық шығармашылығы орталығының» бөлім басшысы Қыдырбаева Айнұр Мамырқызы қатысып, ең алдымен қазақтың салт-дәстүрі насихатталған видеороликті тамашалады.
Жиынға аудандық ардагерлер кеңесі, әжелер алқасы, аудандық терроризмге қарсы комиссиясының төрағасы мен мүшелері, имамдар, «Зайырлылықжәне дінтану» пәнінің мұғалімдері және жастар қатыстырылды. Еркін форматта өткен жиында тұрғындар тарапынан ұсыныс пікірлер айтылып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.
Жиынды қорытындылаған О.Есенбеков мемлекеттің басты міндеті мен мақсатыда осы дәстүрлі құндылықтарымызды сақтап, келер ұрпаққа дұрыс жолды көрсету. Сол міндетімізді орындау мақсатында осы керуенді ұйымдастырып, пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға алғысын білдірді.

На изображении может находиться: 12 человек, в том числе Бақытжан Жоламанұлы, люди стоят и толпа

На изображении может находиться: 3 человека, в том числе Medet Khalykov и Омар Есенбеков

На изображении может находиться: 12 человек, люди стоят

На изображении может находиться: один или несколько человек

0 пікір