Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен кездесу өтті
Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен кездесу өтті
14.11.2025
23
0

Возможно, это изображение учеба, отдел новостей и текстВозможно, это изображение один или несколько человек и люди учатсяВозможно, это изображение ‎учеба и ‎текст "‎השקקי‎"‎‎

Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен кездесу өтті Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Дүйсен Асхат қатысты. Дінтанушы маман елімізде интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен ютуб видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралған. Облыс көлемінде жыл басынан ҚР ӘҚБтК талаптарына сәйкес құқық бұзушылық фактілері жөнінде ақпарат берілді. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндады. Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатынын ескертті. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы маман тарапынан толыққанды жауап берілді.

 

 

0 пікір