
30 қыркүйек күні Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.
Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде «Оңалту жұмыстарының барысы», «Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі терроризм және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарының нәтижесі», «Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінің Шұқырсай елдімекеніне қатысты мәселелер», «2025 жылдың ІІІ-ші тосанында ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы» мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Мәжіліс соңында, сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.
Айта кететін жәйт, биыл облыс әкімінің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 19 мәжілісі өткізілді. Сондай-ақ облыстық деңгейде 3 семинар және «Терроризмге жол жоқ!» атты акция ұйымдастырылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі