"Түркістан А.Яссауи" мешітінде имамдар және жамағатпен кездесу өткізілді.
"Түркістан А.Яссауи" мешітінде имамдар және жамағатпен кездесу өткізілді.
30.10.2019
600
0

Алматы облысының дін істері басқармасы мен Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» Рухани керуен сапары аясында атқарылатын іс-шаралардың бірі "Түркістан А.Яссауи" мешітінде имамдар және жамағатпен кездесу өткізілді.
Кездесуді ҚМДБ ашып, жүргізді. Басқосу барысында Қазақстан Республикасының алғашқы Бас муфтиі, Алматы облысының құрметті азаматы – Нысанбаев Ратбек Нысанбайұлы сөз сөйлеп, жастарға жол көрсетерлік әңгімелер айтты.

Жобаның негізгі өткізілудегі мақсаты: Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін елімізде ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын дәріптеу. Сондай-ақ, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен дін саласындағы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, әріптестік байланысты нығайту, салт-дәстүрлеріміз бен тағылымы мол тарихымызды дәріптеу, оларды қастерлеу болып табылады. Жоспар шеңберінде «Рухани керуен» мүшелері сапардың екінші күні "Түркістан А.Яссауи" мешітінде имамдар және жамағатпен кездесті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аламты облысының дін істері басқармасының төл туындысы «Рухани керуен» жобасы 2017 жылы бастау алып, қолға алынған жұмыс өз нәтижесін көрсетті.
Ағымдағы жылы «Рухани керуен» жобасының ІІІ кезеңі 6 бағыт бойынша Алматы облысының 11 ауданының шекара аймақтарын қамтыды. Биылғы жылы «Рухани керуен» жобасының арнасы кеңейтіліп, «Жер жәннаты – Жетісу жерінен Түркі халықтарының киелі мекені – Түркістан өңіріне» сапар шегу жоспарланған.

На изображении может находиться: 3 человека, в том числе Musabek Aktamberdy, люди сидят

На изображении может находиться: 4 человека, люди сидят и в помещении

На изображении может находиться: 5 человек, в том числе Қуат Қабдолда, люди сидят и в помещении

 

0 пікір