«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру бағытында кездесу өтті. Іс-шараға Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Қайрат Абуов, сондай-ақ «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Медет Халықов пен бөлім басшысы Қайрат Салықбаев қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ шетелде діни білім алудың ықтимал қауіптері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Сонымен қатар, «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында дін саласына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы жан-жақты мәлімет берілді. Кездесу барысында діни сауаттылықты арттырудың маңыздылығы және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайту мәселелері де сөз болды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теолог мамандар тарапынан толық әрі нақты жауаптар берілді.




+7 (72533) 3 51 24
csi_uko_kz@mail.ru