ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АТТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
12.06.2025
421
0


Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында "Экстремизм мен терроризм алдын алу" тақырыбында жалпы кездесу өткізілді.

Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Тағай Айбек Жолдасбекұлы, Түркістан облысы Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Тастемір Жасұлан Әшірбекұлы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сарбатов Аскер Сексенкалиевич, Түркістан қалалық емханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Юсупов Диер Тойханұлы қатысты.

Іс-шара барысында мамандар еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін дұрыс тәрбие бере білу керектігін түсіндірді.

Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

 

 

 

 

0 пікір